2. Қыш өнері және қыш өнерінің алғашқы нұсқаларына сипаттама беріңіз



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі23,72 Kb.
#70804
  1   2
Байланысты:
2,15


2. Қыш өнері және қыш өнерінің алғашқы нұсқаларына сипаттама беріңіз

Қоныстар мен обаларға қазба жұмыстарын жүргізген кезде алынған негізгі материал — қыш. Ең бастысы, қыштан жасалған бұйымдар шаруашылық пен тұрмыста және кейде жоралғылық мақсат үшін пайдаланылатын ыдыс түрі болған.


Қыш бұйымдарды жасаудың технологиялық тәсілдері шикізатты даярлап-іріктеуден, қыш қамырын даярлаудан, қалыптаудан, бетін өңдеп, содан кейін оны күйдіруден тұрады. Шикізатты даярлап-іріктеу үшін сүйек және тас құралдар пайдаланылды. Қыш-құмыра шикізаттарын даярлау үшін келсап пен ірі қара малдың жауырындары, сондай-ақ уатқыштар қолданылған. Қыш құмыраның құрамына қоспалармен бірге (темір, тас, пирит, слюда, әк) сазбалшық, құм, органика (құстың саңғырығы, көң) кіреді. Сазды көбіне минерал текті созылмайтын материалдарды бекіту үшін пайдаланған. Дамыған қыш өндірісінде саз ең бастапқы шикізат болып табылады.
Шеберлер бұйымдарды қалыптау кезінде ыдыстардың түбін басып-жаныштау үшін көлемі әр түрлі жұмыр тастарды пайдаланды. Ал ыдысты жасайтын құрал ретінде тұғырық айналып тұратын үстелше, яғни станок — айналмалы қондырғыны қолданды. Ыдыстардың қабырғаларын тегістеу үшін жұмыр тастар, ағаш пышақтар пайдаланылды. Ал қышты тұрмыста қолданылатын аузы кең пештерде, сондай-ақ балқыту пештерінің түтін шығаратын мұржаларында күйдірген. Лаулаған отқа да күйдірген кездері болды.
Қыш өндірісі отырықшылық жағдайдағы аумақтарда өзінің "гүлдену" кезеңіне жетті. Атап айтар болсақ, Сырдария мен Арал маңы аймақтары, Орталық Азиямен шекаралас жерлерде мықтап дамыған. Мұны осы аумақтағы қала қазындыларынан табылған ыдыс-аяқтан бастап, құрылыс материалдарының алуан түрлілігі айғақтайды. Мөселен, біздің заманымызға дейін VII—V ғасырлардағы Сырдарияның төменгі жағын мекендеген тайпалардың ыдыстарынан: тостақтар мен тостағандарды, шыны ыдыстарды, құмыраларды, саптаяқтарды, имек тұмсықты ыдыстарды бөліп атауға болады.
Орталық Қазақстан аумағында көшпелілік өмір салты жағдайында қыш-құмыра өндіру ісі үй тұрмысының қажетіне байланысты шеберлерге тапсырыс беру арқылы жүзеге асып отырған.
Қыш ісі - адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келген өте көне өнердің түрі. Қыш құюшылардың өнімдері көпқырлы танымалдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде күнделікті тіршілікте әр адам табиғи ыдыс пайдаланғысы келеді. Түрлі құмыралар, сазбалшықтан жасалған кәдесыйлар ерекше көрінеді. Қыш ісімен айналысатын шеберлер бүгінгі күні көп емес, алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, сазбалшық денсаулыққа пайдалы. Осыған орай бұл өнер түріне қызығатындар жыл сайын көбейіп келеді.
Қазақстан нарығында авторлық керамика өнімдері бойынша бәсекелестік байқалмайды. Алайда болашақта бұл сала бойынша бәсекелестердің пайда болуы әбден мүмкін. Жоғары сапа, өзіндік стиль, жарнама сауданы өрге бастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет