15. Сәндік-қолданбалы өнердің эстетикалық мәнін ашып көрсетіңіз
Жалпы эстетика - сұлулық пен адам парасаттылығын зерттейтін ғылым. «Эстетика» гректің «эстетиз» денген сөзінен алынған, ол «сезімдік», «сезімнен қабылдайтын дарындылық»деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет «эстетика» ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің аттас кітабында сәйкес қолданылды. Айналамыздағы дүние эстетикалық көзқарас өте ертеде біздің дәуірімізге дейінгі кезде пайда болған. Ибалық,жеке бастың мәдениеті,бала тәрбиелеу, жар сүйе білу, қонақ күту,тіпті сөйлесе білу, сұхбаттаса алу тек адамгершілік нормаға ғана сай болып қоймай, олардан сұлулықпен сымбат, сән мен салтанат бой көрсетеді.
Әсемдік-өте биік эстетикалық құндылық. Ғылым үшін ақиқат қандай маңызды болса, эстетика үшін әсемдік сондай маңызды.Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ.
Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын да-мытуға ықпал етеді. Мәселен, халықтың сәндікқолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады.
Саналуан, қиын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады.
Сонымен мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі. Сондай-ақ аталған өнер туындыларының мазмұнын жете меңгеруі мен ондағы оюөрнектердің мәнін ұғынуы аркылы ақыл-ойлары өседі, адами саналары толыса түседі, сол туындыларды өз қолдарымен жеке және сынып боп жасауы барысында рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбек адамдарына құрметі қалыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында де шеберлік дағдылары да үлкен мәнге ие болады.
Оқушыларды ұлттық колөнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдык өндірістегі қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттык қолөнердің әлемдік көріністерін қалыптастыру, ой-өрісі мен кәсіби- шығармашылық кабілеттерін жетілдіру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне катысу үрдісінде мамандарды даярлауға жағдайлар жасау мақсаттары қойылып отыр. Мұның бәрі жалпы кәсіби шеберлік және дизайнерлік білім беруде жоғары мазмұнды даярлықты талап етеді.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялык іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру мазмұны 5-9 сынып оқушыларының «Технология» оку бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін. «Тігін бұйымдарының сән үлгілері» тарауы бойынша жасалған бағдарлама мазмұндама қарастырады. Балаларды жастайынан сәндік-қолданбалы өнсрге үйрету бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаған өнердің бір түрі кілем тоқу, киіз басу, киім тігу, ши тоқу, сырмак сыру өнері. Қазақстанда кілем және кілем бұйъімдары көшпенді қазақтың тұрмысында ерекше орын алды, әсіресе, киіз үй жиһазы ретінде ағаш бұйымдары маңызды болды. Жасалу әдістеріне байланысты киіз үйдің жылулығы және сәнділігі үшін кілемдердің түрлері, киіз үйдің алаша мен киізін тартып бекітуге арналған бау, басқұрлар; үй-ішілік сәндік бұйымдар: есік шымылдықтары. кереге басына ілінетін бұйымдар, сандыққап, теңқап, қоржын, түрлі тоқыма дорбалар мен заттар салып сақтау үшін қажетті бұйымдар, атка салатын қоржындар және тағы баска тоқыма бұйымдары дайындалды. Осы аталган сәндік-колданбалы өнер түрлерін бағдарламаға сай, 5-9 сынып оқушыларын сәндік қолөнер бұйымдарын технологиялық өңдеуге үйрету көзделген. Технология пәні мұғалімінің кәсіби даярлығын кәсіби іскерлігін қалыптастыру мәселесінің кұрамында қарастырған жөн.
Жалпы халқымыздың қолөнері арқылы болашақ мамандарды оқытып тәрбиелеу мәселесіне бірталай енбектер арналғанымен, халык қолөнерін үйрету және сол аркылы өмірге даярлау тұрғысынан сан түрлі мәселелерді шешуді ғана зерттеу нысаны етіп алған З.Ахмедина, В.Боброва, М.Искакова, т.б. кәсіби кызығу мәселелерін қарастырып, құнды тұжырымдар жасаған.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық кұндылыктардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Н.Назарбаевтың "Қазакстанның болашагы коғамның идеялық бірлігінде" еңбегіндегі “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр "деген сөзі нақты айғақ бола алады.
Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі - халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріңдегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.
Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады.
" Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында кәсіби білімін жетіддіру маңызды болып отыр. Жаңа буын оқулыктары, оған байланысты жетілдірілген бағдарламалар енгізіліп, жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқушы білімін бағалау талаптары койылуда. "Оқытудың жаңа технологиясы" тәжірибиесі таратылуда. Жоғары оқу орнын бітіруші жастардың мұғалімдік мамаңдығы бойынша кәсіби қалыптасуындағы қоғамдық, психологиялық-педагогикалық және кәсіби мамандық білімдерімен қатар болашақ мұғалімдік жұмысында педагогикалык тәжірибені жоғары деңгейде саналы өткізуі аса маңызды қажеттілік.
Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету - біздің басты міндетіміз.
Кәсіби шеберлік адамның туа біткен қабілеті болып табылмайды. Ол белгілі бір мәдениеттіліктен, даярлықтан, эстетикалық білімділіктен талап етіледі. Бұл кәсіби шеберлік қажеттілік, қабілет, талғам, бағалау және т.б. сапаларды қамтитын жеке тұлғаның шеберлік қызығушылығын қалыптастырудың қажеттілігін арттыра түседі.
Өнерде талғам ізденіп ойын дамытуда қиял, елес және көркемдік ой үлкен мәнге ие болады. Жасөспірімдердің осы салаларының дамуына тарихы мен мазмұны терең сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жан-жақты білімдер, аталған өнер түрлерінің туындыларын жасау барысындағы шығармашылық тапсырмаларды орындауға ықпал етеді.
Кәсіби шеберлік логикалық тұрғыдан ойлау, талдау, деректерді салыстыру және қорытындылау қабілеттеріне негізделеді. Ол үздіксіз езгеріске түседі, молаяды, жаңа мазмұнмен толықтырылады, адам өмірінің барлык саласында жетілдіріледі.
Мектеп оқушыларының кәсіби шеберліктерін қалыптастыруда адамның қажеттіліктерінен, күнделікті ақпараттардың сапасынан, көркемдік білім-ділігінен, оның "сұлулық заңы" бойынша іс-әрекеттерінің сипатынан талап етіледі. Өнерді үйрету барлық саладағы іс-әрекеттерді камтиды. Ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру кажеттіліктердің дамуы адамның ұлттық мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді және рухани тұрғыдан дамуына ықпал етеді.
Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда қажеттілік көркемдік көзқарастарда, идеалдарда, талғамда, шығармашылықта пайда болады және адамның іс-әрекеті мен өмірлік мақсаттарына. әлеуметтік мінез-құлкына ыкпал етеді. Бұл әлеуметтік топтардың көркемдік құндылыктарға (өнер. табиғат, еңбек, т.б.) негізделген шындыққа қарым-қатынасы болып табылады.
Талғампаздық пен шеберлік бір-біріне тәуелді және бірін-бірі толыкты-ра түсіп. бірлікті құрайды, кажеттіліктің дамуы қабілеттің дамуына әсер етеді. Мәселен, сәндік-колданбалы өнер туындыларын кабылдау кабілетін дамыту үшін оның көркемдік тілін түсіну. образдарын, спецификасын. көркемдік шындығын, шарттылығын және т. б. жете үғыну кажет.
Әрбір баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, қиялын, фантазиясын оятуға, мәдени тарихи ескерткіштерді білу, сақтау, насихаттауға байланысты қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушьілық іс-әрекеттерге белсеңді араласуына ыкпал етеді. Мектеп оқушылары ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін оку мсн меңгеру барысында еңбек үрдісіндегі өздерінің іс-әрекеттерін басқаруга, оны жоспарлауға, мақсаттар мен міндеттер қоюга, оңтайландыру мүмкіндіктерін табуға, еңбек мақсатына қол жеткізуге үйренеді, жаңа білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгереді.
Халық шеберлерінің колынан шыққан бұйымдарын талдап қана коймай. соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылык жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттьірады, әдемі заттар жасауға талпындырады.
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы карапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызша. айшық, ирек сызықтармен бедерленген керамикалык ыдыстардан; ағаштан ойып жасалған бұйымдардан; жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру аркылы токыған токыма үлгілерінен; құю, бедерлеу, жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы металдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Осы техникалық әдіс-амалдарды үйрену де мектеп оқушыларына тән және бұл олардың шығармашылық қабілеттерінің байқалуына, дамуына кең мүмкіндіктер береді.
Халык өнерінің шығармашылығын игеру мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік- талғамын тәрбиелеп қана қоймай, олардың саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін кұрастыру, оларды дамыта колдану, ағаш ұксату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сиякты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен жеке айналысуға құштарлығын оятады.
Мектеп оқушылары үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерін, дәстүрлі техникалық әдістері мен шеберлік дағдыларын жеңіл игереді. Өйткені баланың бастауыш сыныптарында оның бейнелеу өнері сабақтарына қажетті психологиялык-физиологиялық жетілуі аяқталады. Олардың көркемдік үрдістің техникалык әдістерін үйренуге және орындауга белсенді қызығулары пайда болады.
Сонымен мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі. Сондай-ақ аталған өнер туындыларының мазмұнын жете меңгеруі мен ондағы ою-өрнектердің мәнін ұғынуы аркылы ақыл-ойлары өседі, адами саналары толыса түссді, сол туындыларды өз колдарымен жеке және сынып боп жасауы барысында рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбск адамдарына құрметі калыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында де шеберлік дағдылары да үлкен мәнге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |