«Ақсай шатқалы» сауықтыру орталығы
Мен өзім де осы терапия түрінің қыр-сырын иппотерапевт В.Ф. Гуцалюкпен бірге жаттығу барысында байқап қайттым. Керемет әсер алып, жақсы көңіл-күймен оралдым. Аттың үстінде адамда өзіне деген сенімділік пен сергектік, жан тыныштығы орнайтынына көзім жетті. Иппотерапевт В.Ф.Гуцалюктың айтуынша қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың 90% -ның өзіне деген сенімділігі мен өмірге деген құлшыныстары пайда болды. Сал ауруына шалдыққан, Даун ауруына шалдыққан адамдардың, көбінесе балалардың айығу нәтижелері өте жоғары екен. Адамның алақанымен атты тамақтандырудың өзі шипа екенін айтып өтті.
Халық аузынан алынған деректер
Ата-бабаларымыз жылқы етінің, сүтінің, майының, көкбауырының, сүйегінің, тобығының, терісінің, қылының, шуының, тіпті жас тезегінің, көңінің, несебінің емдік қасиеттері хақында нақты мысалдар келтіре отырып, толыққанды түсініктер береді. Тіптен кейбір деректерге сүйенсек, жүкті әйелдің бетінде қалып қоятын қара дақтарға биенің жаңа сауылған сүтінің көбігін жақса, еш дақ қалмайды екен.
Сол сияқты сары биенің жаңа нәжісін қайнатып, тік ішек қабынуында пайдалануға болады дейді дереккөздері.
Жылқы құлындағаннан кейін, бірер уақыт өткенде құлынының аузынан бір түйір қызыл ет түседі екен. Оны – «Құлын тіл» деп атайды. Құлын тілге қол жеткізіп, оны жейтін болса нендей дерттен болмасын айығуға болады. Әсіресе қояншық дертіне бірден бір ем деген халық арасында елеусіз жүрген ақпараттар бар.
Қорытындылау
Ғылыми жобамды қорытындылай келе, жылқы шаруашылығын өркендетуге мемлекет тарапынан жағдай тудырып, таза қазақи асыл тұқымды жылқыларды өсіретін жылқы зауыттарын ұйымдастыру, жылқы санын жеделдете көбейту, жылқының емдік қасиеттерін қазіргі медицина саласында кеңірек пайдалану, қымыздың сапасын түсірмейтін ыдыстар жасайтын кәсіпорындар ашу, жылқы зауытын, республикалық жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ашу, қазақ жылқыларының тарихын, атпен салт жүру, ат баптау, атпен ит жүгіртіп, құс салу өнерлерін мектептерге жеке пән ретінде енгізу, жылқы шаруашылығын өркендетуді қолға алса дегім келеді.
Ұсыныс
Халық аузынан алынған еленбей келе жатқан екі мәселені қолға алса деймін. Неліктен сары биенің жаңа тезегімен емделуге болады? Демек ол тезектің құрамында медицинаға байланысты бірнәрсенің болуы мүмкін деп ойлаймын. Соны зерттеп, анықтап, қолданысқа енгізсе. Сол сияқты «құлын тіл» жайлы деректі де қолға алып, зерттеп, жаңа емдеу жолдарын қолға алса деген ұсыныс айтқым келеді.
Қолданылған әдебиеттер
Inswinger Horses and Horsemanship pp. 46-50
Ryder, Erin World’s Oldest Living Pony Dies a 56. TheHorse.com. TheHorse.
Қазақ энциклопедиясы
Қазақстан табиғаты 1-2 том
Достарыңызбен бөлісу: |