Сабақтың мақсаттары: Білімділік: компьютердің қосымша құрылғыларын орнату мен баптау туралы түсінік беру Тәрбиелік



бет1/3
Дата20.12.2023
өлшемі32,86 Kb.
#141208
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Электрондық аспаптар мен құрылғыларды баптау және реттеу операцияларын жүргізу
Сабақтың мақсаттары:
 Білімділік: компьютердің қосымша құрылғыларын орнату мен баптау туралы түсінік беру
Тәрбиелік: логикалық ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Аралас сабақ



  1. Жаңа білімдерді игеру

Қосымша құрылғылар –компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.


Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, мәтіналғы, модем және т.б жатады.
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы. Принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады.


Сканер – мәтіндік және графикалық ақпараттты (суреттерді,сызбаларды және т.б) қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы. Сканердің көмегімен мәтіндерді қағаздан мәтіндік редакторға,фотосуреттерді-бейнелерді өңдеу программаларына аударады және т.с.с.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .
(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .
Принтерлерді баптау және орнату
Принтерді баптау Windows 7 операциялық жүйесінде орнату үшін көрсетілген. Бірақ егер компьютерде басқа операциялық жүйе орнатылған болса да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы.
Ең алдымен принтерді тоққа қосуымыз керек. Содан кейін арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз.Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті түрде болады. Компьютер қосатын тетікті көлеміне қарай тауып алыңдар. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың формасындай болады.
Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары Басқару панелі деген жерде сақталады. Экранның сол жақ төменгі бөлігінде Пуск батырмасы арқылы сол жерге өтеміз де,Қондырғылар және принтерлер деген бөлімге кіреміз.
Одан кейін Принтерлерді орнату деген батырманы басу керек. Содан соң шыққан терезеден принтерлерді орнату типін таңдаймыз.
Егер сол компьютерге ғана орнату керек болса, Локалді принтерді қосу, ал егер жергілікті принтер болса, Жергілікті принтер қосу деген батырманы таңдау керек. Сонымен Локалді принтерді қосу батырмасын таңдаймыз.
Одан кейін принтердің портын таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз де, дискіден принтердің өз маркасын арналған драйверін орнатамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет