2-китап indd


Әуелі өзімізді қамшылайық та



Pdf көрінісі
бет105/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196
Әуелі өзімізді қамшылайық та
немесе жарыссөзде не айтылды?
– Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Америка Құрама Штаттарының 
демократиясын үлгі ғып алға ұсынатындар көп Ал шындығына үңілсек, 
мәселе басқаша болып шығады. Айталық, Еуропадан барған халық 
алдымен сол жердің байырғы тұрғыны үндістерді қарумен қырып-жойып, 
мүлде құртып жіберуге таяды. Үндістердің тілін мүлде мемлекеттік 
кеңістіктен ығыстырып, оның орнына саясатта ағылшын тілін қолдану 
арқылы ағылшын тілінің үстемдігін орнатты. Осы тектес Орта Азияда 
Ислам діні түркі халқына араб тілінің ел билеудегі орнын белгілеп, 
оны меңгергендерге басымдылық берілетін болды. Соның негізінде 
байырғы тілдің заңдылықтары бұзылып, араб әріптерімен шұбарланып, 
грамматиканың көптеген заңдылықтары басқаша арнаға түсті.
Ресейге келген коммунизм идеясы да орыс тілі арқылы елге тарап, 
орыс тіліне деген мұқтаждық етек алды. Кейіннен бұл орыс тілінің 
экспанциясына айналды Мәселен, патшалық Ресей кезінде 270 тіл 
болған болса, 80 жылдан соң содан 130-ақ, тіл қалған. Міне, осыған 
ұқсас бір тілдің екінші тілге деген агрессиясы күн сайын жүріп жатады. 
Сондықтан да саны он миллионнан әрең асатын халықты былай қойғанда, 
100 миллиондаған іргелі елдердің өзінде ұлт тілін қорғауға ерекше мән 
беріледі. Мысалы, Германия, Францияда ұлт тілін ағылшын тілінің 
экспанциясынан қорғау мақсатында құрылған арнайы әдеп полициясы 
бар. Тіпті,бір жарым миллиард Қытай халқының өзінде қытай тілін 
қорғауға ерекше мән беріледі. Қытайлықтар біздер дәріптеп, баламасы жоқ 
деп, техника тілі онсыз қараң қалады деп жүрген халықаралық сөздердің 
бірде-бірін қолданбайды екен. Қай сөздің де қытайша баламасын тауып 


241
пайдаланатын көрінеді. Міне, басқа елдерде мемлекеттік тілді қорғаудың 
үлгісі осындай. Бұдан 220 жыл бұрын Қараман қаласының әкімі Мехмед 
Қараман-оғлы түрік тілін араб, парсы тілінің ықпалынан құтқару үшін 
үйде де, жиында да, сыртта да, еларалық келісімдерде де тек қана түрікше 
сөйлесін деп Жарлық шығарыпты. Сөйтіп, түрік тілін сақтап қалыпты.
Мұнан шығатын қорытынды мемлекеттік тілдің екі рет Конституцияға 
еніп, екі рет Тіл туралы заңның қабылданғанына қарамастан өкіметіміз 
пәрменді жүмыс істей алмай отырғандығы. Өйткені осы күнге дейін 
заң болғанмен соны орындаудың механизмі болған жоқ. Тек енді ғана 
серпіліс байқалуда, соны жойып алмайық. ағайын. Мәдениет, ақпарат 
және қоғамдық келісім министрліпнің бастамасын қолдайық. Сөзден іске 
көшіп, бағдарламаны басшылыққа алайық!
«Қазақ әдебиеті», 12-19 наурыз 1999ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет