2-китап indd



Pdf көрінісі
бет107/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   196
«Ана тілі», 26.12.1991
Қуанышымыз басылған жоқ
Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет атанып, шаңырағын 
көтеріп, көк байрағын желбіреткеніне де, міне, үш жыл толыпты. 
Қазақтың қасиетті көне жерінде жаңа өмірдің жайсаң желі есіп
жүрегімізді қуанышқа бөлеп, күдікті де күпті көңілді болашаққа зор 
үмітпен қаратып, қуанышымызды паш етіп, халқымызды жер жүзіне 
танытып отырған осы үш жылды өз басым өткендегі мимырт үш ғасырға 
балағым келеді.
Оның бір себебі – ғасырлар бойы жерін жаудан, елін даудан қорғап, 
еркіндік пен азаматтығын ғана армандап, «мың өліп, мың тіріліп» бүгінгі 
күнге жеткен халқымыздың қан төкпей, қасірет шекпей, ғайыптан бақ 
құсындай қолға қона қалған бұл ғажайып дүние, мән-мәнісін түсіне 
білсек, бағалай білсек, ол сол бір асыл арманның жалғасы ретінде оның 
орындалған тарихи кезеңін паш етіп тұрғандай.


254
Халқымыздың ұзақ тарихындағы тағы бір жаңа қоғамдық 
формацияның іштей жаңғыру, жаңалану, жасару процестерінің мәнісін 
түсіну үшін біз ең алдымен «азаттық», «егемендік», «еркіндік», 
«тәуелсіздік» деген ұғымдардың нарқы мен парқын айыра білуіміз керек. 
Сонда ғана біз қиыншылықтардың бәрін көре тұрсақ та, біле тұрсақ 
та, өткен өміріміздің бейне бір өтеміндегі ғайыптан бола қалған бұл 
жақсылықты баянды ете аламыз, бақыт құсын мәпелеп ұстап, мәңгі-бақи 
қолдан жібермейміз.
Ол үшін не істеу керек?
Рас, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық деп, біз үш жыл бойы 
бөркімізді аспанға атып қуандық. Әлі де алғашқы қуанышымыз басылған 
жоқ (илаһим, басылмасын!), әлі де той тойлап, ас беріп, масайраумен 
келеміз. Бәрі заңды сияқты. Қазекем: «бір тостаған көженің де буы болады» 
демеуші ме еді? Есін жинап, еңсесін көтере бастаған халқымыз тарихи 
жадын, рухани байлығын түгендеп, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» 
деп, ата-бабаларын еске алып жатқанның ешбір айыпшамы жоқ.
Алайда, көбіміз-ақ осы қуаныштардың шынайы себеп-салдарын 
терең түсініп, байыбына бармай-ақ қуаныш дүрмегін қызықтаумен 
келеміз. Қазекем: «Бір қуаныштың бір реніші бар» деп бір түйсе, 
«Бір кірістің бір шығысы бар», «Жаман айтпай жақсы жоқ» деп те 
мақалдайтыны бар.
Бұл бекер айтылмаған. Қан төкпей, қасірет шекпей, қазақ 
топырағында жаңа қоғамдық формацияның қалыптасуын қалай 
түсінеміз? Біреулер оны үш славян мемлекеті басшыларының тоғайда 
тоқайласуынан кейінгі нәтиже деп қараса, енді біреулер, жоқ, бұл 
ілгері-кейін әйтеуір бір болуға тиіс объективті тарихи процесс, заңды 
құбылыс еді деп топшылайды. Мүмкін, ұлттық республикалардың 
егемендік алып, дербес ел болуы ССРО-ның аяқ астынан күйреуіне де 
байланысты шығар. Бұл мәселенің тек себебі ғана. Ал оның салдары 
нені көрсетіп отыр?
Советтік дәуірден кейінгі кездегі егемендік алудан біз бір моральдың 
екі түрлі жағын көріп отырмыз. Бір жағы – тәуелсіздік, ұлттық мемлекет, 
екінші жағы – бүгінгі саяси, әлеуметтік, экономикалық күйзеліс. 
Қабырғасы сөгіліп, шаңырағы ортасына түскен елдің орнына бірден ақ 
орда орнату, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын» заман орнату – 
әрине, бос қиял.
Міне, сондықтан да бүгінгі тығырыққа тірелген ғайыптан келген 
еркіндіктің де, тәуелсіздіктің де өтеуі халқымыз үшін тым қымбатқа 


255
түсіп отыр. Қалай болғанда да, «алдың – соқпақ, артың – жар» дегендей, 
енді кейін шегінуге жол жоқ. Елбасы да, міне, осы қиыншылығымызды 
елден жасырмай, азын-аулақ табысымыз болса, оны асырмай ашық 
айтып, ағынан жарылып отыр. Несін жасырамыз, бұл қыспақ пен 
тығырықтан шығудың жолын іздеуде өкімет басындағы азаматтардың 
ешбіреуі шетқақпай болып немесе барын аяп отырған жоқ. Әлі де жол 
табылмай жатыр. Халықтың шыдамдылығы мен төзімділігі де шегіне 
жетіп, шертіп тұр.
Осындай бір аласапыран, алмағайып кезеңде Республикамыз 
өзінің үш жылдық тойын атап отыр. Қуаныш пен реніш аралас болса 
да, бұл біз үшін аяғын апыл-тапыл жаңа басып келе жатқан, тұсауы әлі 
кесілмеген жас баланың қуанышындай үлкен мейрам.
Той үстінде ренішті айтпай-ақ қояйық. Ал қуанышымыз да аз 
емес. Бүгінгі таңдағы ең басты қуаныш – қазақ топырағындағы бейбіт 
өмір, ұлтаралық келісім. Ол Елбасының жүргізіп отырған ішкі-сыртқы 
саясатына да байланысты екенін бүгінде дос та, дұшпан да жақсы 
біледі. Бейбіт өмір мен ұлтаралық келісімді сақтау – өте нәзік саясат. 
Оған ақыл да, айла да қажет. Одан өту үшін кейбір қиыншылыққа да 
төзуге тура келеді. Әйтеуір қан төгілмесін!
Әдетте, көптен азаматтығын аңсап келген халық осының бірден 
орындалуын, арманының қолма-қол іске асуын қалайды. Сондықтан 
да болар, көпшілік мемлекеттік мәртебе алған ана тілінің қоғамдық 
өмірде бірден толыққанды өмір сүруін талап етеді, оның әртүрлі 
себептермен жүрмей жатқанына реніш білдіреді. Бәрі заңды. Бірақ 
«мұсылманшылық әсте-әсте», «Батпандап кірген кесел, мысқылдап 
кетеді» деген нақылды ескерген жөн. Ана тіліміз кешегі мүшкіл 
халден кетті, оның ілгері дамуына негіз салынды. Бүгін де қазақ 
балабақшалары мен мектептеріне толастамай барып жатқан мыңдаған 
жасөспірімдер – қазақ тілінің, демек, қазақ халқының болашағы.
Ол болашақ тағы да бірлік, ынтымақ, әр азаматтың ұлттық рухын, 
елдігін сақтай білуіне байланысты. «Басшымыз біреу болғанда, 
баршамыз тіреу болсын» деген халық даналығын ұмытпайық, 
халайық!
«Жетісу», 22.10.1994


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет