83
келеді. «...я не согласен с тем, что в ряде республик он (русский
язык – Ә.Қ.) выбирался языком межнационального общения. Это –
предмет не Конституций, а сама жизнь – в каждой деревне по-своему»
(«Комсомольская правда» 16.12.1989).
Орыс тілін Конституциямызға ұлтаралық тіл ретінде
қабылдағанымызда, біз оның әр кезде, әртүрлі тілдік ортада өзгеріп
тұратын ерекшелігін емес, көп ұлтты Қазақстан жағдайында ұзақтан
бері атқарып келе жатқан тарихи миссиясын, дәстүрге айналған
қоғамдық-мәдени қызметін көз алдымзға елестетеміз. Бұл дәстүрді
бірден қиып тастау мүмкін емес, ол әлі де өз жалғасын таба бермекші.
Сондықтан да орыс тілінің «Ұлтаралық» деген мәртебесінен
(статусынан) шошына берудің реті жоқ. Мәселе оның мемлкеттік
тілмен қарым-қатынасын дұрыс анықтап, заңдастырылуына және сол
ретте жүзеге асырылуында. Бұл республика жұртшылығының өзіне
байланысты. Ал Конституция қабылданғаннан кейін кейбір басшы,
зиялылардың ел алдына шығып алып: «Ал енді мен Конституцияда
көрсетілген ұлтаралық тілде сөйлеймін...!» деп баяғы ескі әніне
басуына қоғам өз сөзін айтуға тиісті. Бұл – мемлекеттік тілді
құрметтемеу болып саналады.
Міне, қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесін алған, ресми
түрде паш еткен Қазақстан Республикасы Конституциясының
рухына сәйкестендірілетін Тіл заңына ғалымдардың шұқшия қарап,
оның әрбір сөзіне мән беріп талап-тілектерін ашық айтып, ағынан
жарылуында осындай сыр бар.
«Ана тілі», 1993. 18 ақпан.
Достарыңызбен бөлісу: