2-китап indd



Pdf көрінісі
бет94/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   196
 «Социалистік Қазақстан», 1990. 20 ақпан
.
Ұлттық идеологияның жаңа үрдісін айқындаушы
Бүгінде бес жасқа толып отырған «Ана тілі» апталығының аяқ алысы 
қандай деп ойлайсыз? Балпаң-балпаң баса ма, әлде тәй-тәй кібіртік пе? Оған 
құрылтайшы ретінде пікіріңіз қандай? Газет бетінде әлі қандай мәселелер, 
тақырыптар көтерілмей жатыр деп білесіз? Оның алдағы бағыт-бағдары 
қалай болғаны жөн?
«Ана тілі» апталығы кеше ғана дүниеге келген сияқты еді. Бес жасқа да 
келіп қалған екен-ау. Бірақ оны бес жасар сәбимен салыстыруға болмайды. 
Өйткені ол мәдени-саяси өміріміздің аумалы-төкпелі бір қиын кезеңінде 
дүниеге келіп, қадір-қасиеті кеткен ана тіліміздің жаршысы болып, атан 
түйе жүгін бір өзі арқалауына байланысты ма, әйтеуір, басқа газеттердей 
«балалық дәуірді» басынан кешіп жатпай-ақ бірден есейіп, кәмілетке жетіп, 
бірден-ақ өмірге қызу араласып кетті. Сондықтан да болар «ана тілі», 
«тіл тағдыры – ел тағдыры» деп, зар күйіне түскен қалың жұрттың 
жүрегіне бірден-ақ жол таба білді, сеніміне кірді, ол оның жан-
дүниесін ақтара сырласатын, ішіндегі дертін айтып, мұңын шағатын 
сырбаз досына айналды.
Басты міндет «халықтың санасын оятып, тілге деген көзқарасты 
өзгерту» деп санаған «Қазақ тілі» қоғамының шеру тартып, жалпы 
халықтың мәдени-саяси қозғалысқа айналуына «Ана тілі» апталығы 
мұрындық болды, қоғамдық жаңа үрдіске жол көрсетті. Оның алғашқы 
қадамы, міне, осылай табысты басталған болатын. Ол көп ұзамай, тіл 
тағылымын таныту, оның тамаша сырын ашып, табиғатын паш ету 
арқылы рухани мәдениетіміздің бір бұлағына, көпшілік қолды елтану 
құралына айналды. Осы орайда «Газет өмірі – бір күндік, өнегесі – 
мың күндік» деген сөзді осы «Ана тілі» апталығына айтуға болады.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бұдан бес жыл бұрын 
өзімен бірге туған «Ана тілі» тәрізді өз дауысы болмаса және ол үні 


218
(органы) ғана емес, пәрменді қозғаушы күші болмаса, дәл бүгінгідей 
ел арасында танымал болуы, азды-көпті игілікті табыстарға жетуі 
мүмкін емес еді. Шынтуайтқа келгенде, «Ана тілі» апталығы «Қазақ 
тілі» қоғамының тіл үшін, демек, халықтың, дербес мемлекетіміздің 
болашағы үшін, бес жылдық күресі арқылы нышаны айқындалып
негізі қалыптаса бастаған ұлттық идеологияның жаңа үрдісін 
айқындаушы, оны қалың көпшілік арасында уағыздаушы тегеурінді 
бұқаралық құрал дәрежесіне көтерілді. Оған бір дәлел – «Ана тілінің» 
халық арасындағы беделі.
«Ана тілі» апталығының еліміз әлі де егемендік алмаған 
тоталитарлық идеологияның үстем кезінде алғашқы қоғамдық газет 
ретінде дүниеге келуінің өзі – мәдени өміріміздегі елеулі оқиға 
болатын. Осыған орай мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 
президенті ретінде сол қоғамның кезекті ІІ Құрылтайы үстінде (1993 
ж.) «Ана тілі» апталығының о баста (1990 ж.) дүниеге келуіне себепкер 
болған Өзбекәлі Жәнібеков мырза мен бүгінде Елбасы – Президентіміз 
Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға қоғам және апталық атынан алғысымды 
айтқан болатынмын. «Ана тілі» апталығының марқайып отырған 
бүгінгі 5 жылдық мерейтойында сол ризашылығымды қайталай 
отыра, енді осы газеттің негізін қалаған, қазір жарқырата шығарып 
отырған іскер де талантты журналистерге, түгел газет ұжымына шын 
жүректен алғысымды айтамын! Қаламдарың мұқалмасын, қасиетті 
қазақ тілінің шынайы қамқоршылары! Илаһим, «Ана тілі» көтерген 
тіліміздің биік туы әрдайым алдымызда желбірей берсін!
«Ана тілі», 22.03.1995


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет