2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ


Сырғанау, ЭҚК-тің жиілігі, ротор орамасының кедергілері



бет11/14
Дата15.11.2023
өлшемі2,47 Mb.
#123985
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
8-такырып

Сырғанау, ЭҚК-тің жиілігі, ротор орамасының кедергілері
Ротор қозғалмай тұрған кезде асинхронды қозғалтқыш трансформатор сияқты болады. Статор орамасы – трансформатордың біріншілік орамасы, ротор орамасы – трансформатордың екіншілік орамасы. Ротор қозғалмай тұрғанда оның орамасы -жылдамдықпен, яғни синхронды айналу жиілікпен айналмалы магнит өріспен кесіледі де орамада мынадай ЭҚК-ті индукциялайды
, (2.8.9)
мұнда W2- ротордың бір фазаның орамасының орам саны; K2- ротордың орама коэффициенті; f1- көріктендіру тораптың ток жиілігі; Фm - айналмалы магнит өрісі.
Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципінен ротордың айналу жиілігі статордың магнит өрісінің айналу жиілігінен кем болу керек. Егер де -ге болса, онда ораманың орамдары статордың айналып тұрған магнит өрісімен кесілмейді де, ротордың орамасында ЭҚК индукцияланбайды, ток I2 және айналдырушы иін күш жоқ болады.
Ротордың статор магнит өрісінен артта қалу дәрежесі S сырғанау арқылы сипатталады. Сырғанаудың шамасы салыстырмалы мәнмен былай белгіленеді:
(2.8.10)
ал бұдан (2.8.11)
Ротор орамасында индукцияланған ЭҚК-тің жиілігі тең
(2.8.12)
- сырғанау жиілігі деп аталады.
Айналып тұрған кезде ротор орамасының ЭҚК-і:
(2.8.13)
мұнда - қозғалмай тұраған ротордың ЭҚК-і.


Айнымалы ток генераторы
Айнымалы ток генераторы - электр энергетикалық өнеркәсіпте кеңінен қолданады. Олар берілген жиілікпен айнымалы токты түрлендіре алады. Сонымен қатар мұндай генераторларды синхронды деп те атайды.
Синхронды машиналар – ол коллекторсыз айнымалы ток машиналары. Құрылысы бойынша олардың асинхронды машинадан айырмашылығы тек қана ротордың құрылысында, ол айқындалған полюсті немесе айқындалмаған полюсті болуы мүмкін. Қасиетіне тоқталатын болсақ, онда синхронды машиналар кез келген жүктеме кезінде ротордың синхронды жиілікпен айналуымен (n2=n1=const), сондай-ақ қуат коэффициентін реттеу мүмкіндігімен ерекшелінеді, бұл кезде оның мәні синхронды машинаның жұмысы өте үнемді болатындай болуы керек. Синхронды машиналар қайтымды және олар генератор режимінде де, сондай-ақ қозғалтқыш режимінде де жұмыс істеуі мүмкін.
Синхронды генераторлар электр станцияларындағы құрылғылардың негізін құрайды, яғни барлық электр энергиясы синхронды генераторлармен өндіріледі. Қазіргі кездегі синхронды генераторлардың дара қуаты миллион килловатқа жетеді және одан да көбірек. Синхронды қозғалтқыштар негізінен қуаты үлкен құрылғылардың жетегі үшін қолданылады. Мұндай қозғалтқыштар техникалық, үнемділік көрсеткіштері бойынша басқа типтегі қозғалтқыштардан басым түседі. Ірі электроэнергетикалық қондырғыларда синхронды машиналар кейбірде компенсатор ретінде қолданылады – барлық
Қондырғылардың қуат коэффициентін өсіруге мүмкіндік беретін реактивті қуат генераторлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет