Интерактивті: Шағын топтарда жұмыс істеу.
Тақырып бойынша тапсырма:
№
Тапсырмалар
Балл
1
Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті:
а) 0,394 мг/Кл; ә) 0,207 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,238мг/Kл; r) 0,112 мг/Kл.
10
2
Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді?
а) =2 г; ә) =1,5 г; б) =0,5 г; в) =2,5 г; г) =3 г;
10
3
Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?
а) 6А; ә) 4A; б) 5А; в) 3А; г) 4,5A
10
4
Электролит арқылы 2 А ток күші өткенде, 10 минут ішінде катодта 244 мг никель жиналады. Никельдің электро-химиялық эқвиваленті:
а) 0,304 мг/ Кл; ә) 0,238 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,394 мг/Кл; г) 0,203 мг/Kл.
10
5
Көлемі 250 м3 болатын аэростатты 270С температурадағы және қысымы 0,2 МПа сутегімен толтырған. Қажетті мөлшердегі сутегін алу үшін күкіртқышқылының әлсіз ертіндісінің электролизі кезінде ол арқылы қандай заряд жіберу керек?
10
6
Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?
а) =5,4A; ә) = 4A; б) =3,8A; в) =4,6A; г) = 5 A
10
7
Металл заттарды мырышпен қаптау үшін электролиттік ваннаға массасы m = 0,01 кг мырыш электроды батырылған. Электрод толық шығындалу үшін ванна арқылы қандай заряд өту керек.
10
8
5 сағат ішінде катодта 61,2 гр цинк бөлініп шығуы үшін ZnSO4 ерітіндісі арқылы қандай ток күшін жіберу керек.
10
9
Катодтан 5 А ток өткенде 50 мин ішінде массасы қандай күміс белінеді?
а) 16,8 г; ә) 20,г; б) 10г; в) 8,4г; г) 33,6 г.
10
10
10А ток өткізіп 20 г алюминий алу үшін электролиз процесі қанша уақытқа созылуы керек?