2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ


Электронды сұлбалардың көмекші, пассивті элементтері



бет7/8
Дата25.11.2023
өлшемі1,34 Mb.
#126287
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-такырып

Электронды сұлбалардың көмекші, пассивті элементтері
Электронды сұлбалардың көмекші және пассивті элементтеріне резисторлар, конденсаторлар, индуктивті катушкалар және трансформаторлар жатады.
Резисторлар температурада, рұқсат етілген жұмыстық диапазонда анықталған номиналды кедергімен, кедергінің номинальды мәннен ауытқумен (немесе қателікпен), шашырау қуатымен және кедергінің температура коэффициенттімен сипатталады. Үлкен жиілікті аудандарда резистордың тұрақты ток кезіндегі эквивалентті сұлбасы (моделі) мынадай: резисторға қоршаған ортаның шығын кедергісі параллель, өзара индуктивтілік тізбектей, ал оған паразитті орналастырылған сыйымдылық параллель жалғанады.
Конденсаторлар температурада, рұқсат етілген жұмыстық диапазонда сыйымдылықтың анықталған номинальды мәнімен, номинальды мәннің қателігімен (сыйымдылықтың ауытқуымен), жұмыстық кернеуімен , сыйымдылықтың температуралық коэффициентімен сипатталады. Конденсатордың шығын шамасы шығынның тангенс бұрышымен немесе төзімділікпен (добротность) анықталады, ал шығынның тангенс бұрышы төзімділікке кері шама . Бұл шама диэлектриктің материалының шығынына және конденсатордың металдық элементтерінің шығынына байланысты. Конденсатордың эквивалентті сұлбасы мынадай: конденсатордың өзіндік сыйымдылығына изоляция кедергісі параллель, ал оған тізбектей шығын кедергісі және индуктивтілік қосылады.
Индуктивті катушка температурада, рұқсат етілген жұмыстық диапазонда индуктивтіліктің нақты номиналды мәнімен, қателікпен (немесе қажетті индуктивті ауытқумен) және индуктивтіліктің температуралық коэффициентімен сипатталады. Катушкадағы шығын эквивалентті сұлбадан анықталады, ол екі параллель қосылған тізбектен құралған: біріншіде, өзіндік индуктивтілік катушкадағы кедергінің шығынымен тізбектей қосылады және екіншісінде, өзіндік катушка сыйымдылығының сыйымдылықтағы шығынмен тізбектей қосылады.
Трансформатор дегеніміз бір кернеудегі айнымалы токты сол жиіліктегі айнымалы токтың екінші кернеуіне түрлендіретін статикалық электрмагниттік аппарат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет