2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ



бет8/8
Дата25.11.2023
өлшемі1,34 Mb.
#126287
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-такырып

Жартылай өткізгішті диодтар
Жартылай өткізгішті диодтар деп бір электрлік өткелі және екі шықпасы бар жартылай өткізгішті аспапты айтады. Электронды-кемтіктік ауысуды алу тәсіліне байланысты жартылай өткізгішті диодтар екі түрге: жазық және нүктелік деп бөлінеді.
Түзеткіш диодтар. Айнымалы токты түзетуге тағайындалған жартылай өткізгішті диодты түзеткіш деп атайды. Мұндай диодтар жазық болып табылады.
ВАС түзеткіш диодтардың негізгі сипаттамасы болып табылады. Кремнийден жасалған диодтарға рұқсат етілген кері кернеуі 1000 ... 1500 В-қа, ал германийден жасалған диодтарға – 100 ... 400 В-қа жетеді. Кремнийлі диодтар – 60…+150ºС, ал германийлі диодтар – 60 …+85ºС температура кезінде жұмыс істей алады. Төменгі кернеулі түзеткіш құрылғыларда германийлі диодтар қолданылады.
Стабилитрон. Жартылай өткізгішті стабилитрон деп электрлік тесілу режимінде жұмыс істейтін кремнийлі диодты айтады және кернеуді тұрақтандыруға арналған. Тағайындалуы – тұрақты кернеуді қамтамасыз ету. Стабилитрон шартты графикалық белгіленуі:

Негізгі параметрлері:

1. Тұрақтандыру кернеуі ;
2. Дифференциалдық кедергі ;
3. Тұрақтандыру кернеуі температуралық коэффициенті мұндағы қоршаған ортаның температурасы.
Туннельдік диод. Бұл р-п өткелі арқылы заряд тасмалдаушылардың туннельдік құбылыс кезінде өту механизмін пайдаланатын және ВАС-да дифференциалдық кедергісінің теріс мәндік облысы бар диод. Туннельдік диодтың шартты графикалық белгіленуі:

Варикап. Бұл сыйымдылығын электрлік жолмен өзгертіп басқаруға болатын конденсатордың ролін атқаратын диодтардың түрі. Мұнда р-п өткелінің тосқауылдық сыйымдылығының кері кернеуге тәуелділігі пайдаланылады. Варикаптың шартты графикалық белгіленуі:

Варикаптардың негізгі параметрлері :
номиналды сыйымдылығы. жұмыстық кернеу интервалында сыйымдылық бойынша жауып кету коэффициенті (коэффициент перекрытия по емкости).
варикаптың сапалығы. СТК – сыйымдылықтың температуралық коэффициенті. рұқсат етілген максималды кері кернеу. рұқсат етілген максималды тарайтын қуат.
Жарық диод – бұл жартылай өткізгішті аспап бір р-п өтуден тұрады, электр энергиясын жарық энергиясына тікелей түрлендіреді. Жарық диодтар ақпаратты визуальды көрсететін құрылғыларда, сондай-ақ оптоэлектронды құрылғыларда жарық сәулелену элменті ретінде қолданылады.

Фотодиод Кері тогы p-n өтпесінің жарықталынуына байланысты өзгеріп отыратын шала өткізгішті фотодиод деп атайды. Фотодиодавтоматика жүйелері мен басқа техника қондырғыларда, электр қозғаушы күші ретінде жарық ақпаратын электрлікке түрлендіру үшін және фотометрияда, телекескіндерді беру құрылғыларында қолданады.

Импульстік диод. Өтпелі үрдістері қысқа болатын және жұмыс кезінде вольт-амперлік сипаттамасының тура және кері тармақтары үшін қолданылатын шала өткізгішті диод.

Стабистор Аз мәнді кернеулерді (U 1B) тұрақтандыру үшін қолданылатын диодтың түрі стабистор деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет