27
түрі. Белгілер: табиғи, иконалық, конвенционалды, вербалды
және т.б. болып бөлінеді. Табиғи белгілер күнделікті өмірде
мысалы, дененің қызуы науқастануды, бұлттың қоюлануы
нөсердің болатынынан белгі береді. Ал, иконалық – жасанды,
белгілі нәрсеге таңба беру, мысалы жол ережесінің
таңбалары, бағыт-бағдар беретін таңбалар және т.б. Белгі мен
таңба арасында айырмашылық бар, белгі санада бейнеленсе,
таңба заттарда бейнеленеді. Тіл-белгілер жүйесіне енеді,
себебі тіл адам санасында бейнеленеді. Тіл – болмысты
таңбалайтын белгі болып табылады. Конвенционалды
белгілер: мектептегі қоңырау үні, дабыл, сигнал және т.б.
вербалды белгілер: сусымалы шындық, табиғи белгілер.
Таңбалар әлемін зерттейтін ғылым саласы – семиология.
Семиология терминін Ф.Де Соссюр енгізген. Мәтін ұғымына
Ю.М.Лотман анықтаманы төмендегідей анықтаған:
нақты бірбелгілерде бекітілген, көрініс тапқан;
өз құрамына енбейтіннің барлығына қарсы қойылған;
құрылымды, өзін құрастырушы элементтер арасында
қарым-қатынас жүйесі бар.
Мәтін үш түрлі қызмет атқарады:
-
креативті қызмет – мәтін өзінің жаратушысы және
жасаушысы бар;
-
референтті қызмет – шындыққа сілтейді;
-
рецептивті
қызмет
–
міндетті
түрде
біреуге
бағытталады.
Қорытынды жасайтын болсақ, мәдениет ұғымының мәні
туралы ерте дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейін мәдени
антропологиялық,
аксиологиялық,
символистік,
семиотикалық, діни, психологиялық, шығармашылықтық
тұрғдан қарастырудың ғылыми тәсілі қалыптасқандығын
анықтадық. Мәдениеттану пәнінің әлемдік және ұлттық
мәдениеттің қалыптасуының тарихи шындық тұрғысынан
түсінік беретін ғылым саласы екендігіне көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: