18
Табиғат пен мәдениеттің гармониялық бірлігіне күмән
келтірген Ж.Ж.Руссо ғылым мен өнер адам табиғатын өзгерте
алады дегенге қарсы болды. Оның пікірінше ғылым мен
өнердің прогресі адам табиғатын бұзады, адамгершілік
тапталады.
Ж.Ж. Руссо өркениетті жоққа шығармайды, керісінше ол
мәдениет пен өркениет арасында туындайтын қайшылықтарға
мән береді. Ол буржуазиялық мәдениетті сынай отырып, оған
патриархальдық «таза», «моральдық азғындалмаған»
мәдениетті қарсы қояды.
Д.Вико барлық ұлттар дамуындағы үш дәуірді атап
көрсетеді: «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры», «адамдар
ғасыры». И.Кант (1724-1804ж.) мәдениет – адамның ақыл-
ойы, моральдық әрекеті деп бағалаған.
«Адам мәдениетті
жасай отырып табиғаттан бостандық алады». Ол
мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастырды.
Мәдениет құбылысы барынша бай, әртүрлi. Мәдениетке
түсiнiктеменi алғаш рет ағылшын мәдениеттанушысы
Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917ж.) «Ежелгi дүние
мәдениетi» деген кiтабында (ХIХ ғ) берген.
Мәдениет пен өркениет кең, этнографиялық мағынада –
білімнен,
наным-сенімнен,
өнерден,
адамгершіліктен,
заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғам мүшесі ретінде
адамның игерген дағдылары мен қабілеттерінен тұрады
.
Достарыңызбен бөлісу: