17) Лездік жылдамдық Лездік жылдамдық ол уақыт бойынша орын ауыстырудың лездік өзгеруі ретінде анықталады. Бұл қозғалысты зерттеуге үлкен дәлдік беретін ұғым.
18)Үдеу
Үдеу – жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама.Үдеудің өлшем бірлігі – м/с2
19)Орташа үдеу Орташа үдеу деп жылдамдықтың өзгеруінің уақыт интервалына қатынасын білдіретін векторлық шаманы айтады:
20)Лездік үдеу Лездік үдеу деп қарастырылып отырған нүктенің қозғалыс жылдамдығының уақыт бойынша бірінші туындысын, радиус-
вектордың уақыт бойынша екінші туындысын айтады:
21)Тангенциалды үдеу Егер дененің жылдамдық модулі өзгеретін болса, онда центрге тартқыш үдеуге қосымша тангенциалды үдеу қосылады. Тангенциалды үдеу әр қашан жылдамдықпен бағыттас немесе қарама-қарсы бағытталады. Тангенциалды үдеу жылдамдық модулінің өзгерісіне жауапты.
Тангенциальды үдеу шеңбер бойындағы дене жылдамдығының модулі өзгерісін көрсетеді.
22)Нормаль немесе центрге тартқыш үдеу Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез- келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталады . Сондықтан оны центрге тартқыш үдеу деп атайды .
Центрге тартқыш үдеуді нормаль удеу деп те атайды.
23)Бұрыштық жылдамдық
Бұрыштық жылдамдық - объектінің бұрыштық позициясының уақыт өзгеру жылдамдығын өлшеу. Бұрыштық жылдамдық үшін пайдаланылатын символ, әдетте, төменгі грек символы omega, ω .
24)Айналу периоды Айналу периоды (Т) — нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақытын айтады, яғни Т = t/n. Айналу периоды секундпен (с) өлшенеді. Периодқа кері шама жиілік деп аталады.
25)Бұрыштық үдеу Бұрыштық үдеу — бұрыштық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама; - бұрыштық жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын бұрыштық жылдамдықтың өзгеруінің лездігі.
Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеудің өлшем-бірліктері – рад/с және рад/с2 .