1) Механика Механика дегеніміз денелердің механикалық қозғалысын және денелердің өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым. Бұл ғылым аспандағы жұлдыздар мен планеталардың да, жердегі заттардың да қозғалысын зерттейді. Механиканың қолдану аясы кең.
2)Механикалық қозғалыс Механикалық қозғалыс деп дененің уақыт өтуіне қарай басқа денемен салыстырғанда орнының өзгеруін айтады.
Көп жағдайда механикалық қозғалыстарды сипаттағанда қозғалыстағы денені материялық нүкте ретінде қарастырады.
3)Кинематика Кинематика ( kіnmatos – қозғалыс)– механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі.
Зерттелетін нысанның қасиеттеріне байланысты Кинематика: нүктелер
Кинематикасы, қатты денелер Кинематикасы және үздіксіз өзгеріп отыратын орта (деформаланатын денелердің, сұйықтықтардың, газдардың) Кинематика сы болып бөлінеді.
4)Динамика Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары.
5) Абстрактылы шамалар. Физика есептерін шығарғанда, есептердің шартына қарай абстрактылы шамалар қолданылады. Абстрактылы шамалар – табиғатта кездеспейтін шамалар, мысалы:
6) Материалдық нүкте – пішіні мен өлшемі есептің шартына қарай ескерілмейтін дене.
7) Абсолют қатты дене – деформациясы Гук заңына бағынатын және сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін өзінің өлшемі мен пішініне қайтып оралатын дене.
8)Абсолют серпімсіз дене – сыртқы күштің
әсері тоқталғаннан кейін деформациясын сақтайтын дене.
9)Ілгерілемелі қозғалыс Ілгерілемелі қозғалыс–кез келген екі нүктені қосатын түзу өзіне-өзі параллель болып орын ауыстыратын қатты дене қозғалысы.
Ілгерілемелі қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктесі бірдей траектория сызады, сондай-ақ уақыттың кез келген мезетінде қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен
үдеулері өзінің сан мәні жөнінен де, бағыты бойынша да өзара бірдей болып отырады.