20)Лездік үдеу Лездік үдеу деп қарастырылып отырған нүктенің қозғалыс жылдамдығының уақыт бойынша бірінші туындысын, радиус-
вектордың уақыт бойынша екінші туындысын айтады:
21)Тангенциалды үдеу Егер дененің жылдамдық модулі өзгеретін болса, онда центрге тартқыш үдеуге қосымша тангенциалды үдеу қосылады. Тангенциалды үдеу әр қашан жылдамдықпен бағыттас немесе қарама-қарсы бағытталады. Тангенциалды үдеу жылдамдық модулінің өзгерісіне жауапты.
Тангенциальды үдеу шеңбер бойындағы дене жылдамдығының модулі өзгерісін көрсетеді.
22)Нормаль немесе центрге тартқыш үдеу Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез- келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталады . Сондықтан оны центрге тартқыш үдеу деп атайды .
Центрге тартқыш үдеуді нормаль удеу деп те атайды.