2. mикpocкoптың КӨmeгімен шыны плacтинкaның cыну көpcеткішін aнықтaу


Микроскоп көмегімен шыны пластинканың сыну көрсеткішін өлшеу әдісі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата02.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#64547
1   2   3
Байланысты:
2-ші зертханалық жұмыс (1)

2.2.2. Микроскоп көмегімен шыны пластинканың сыну көрсеткішін өлшеу әдісі
Мөлдір заттың жазық параллельді қабаты (шыны пластинка) ауамен салыстырғанда 
үлкен оптикалық тығыздыққа ие. Сондықтанда, осы қабат арқылы бақыланатын дене бізге 
жақын орналасқан сияқты болып көрінеді. Бұл тұжырым (2.4) формуланы сараптаудан 
шығады. S'S=a кезіндегі S′S объектісінің жақын көрінуі 2.2-суретте көрсетілген. Оны 
бағалай алсақ және онда ауаға қатысты шыны пластинканың n
ш
сыну көрсеткішін де (2.4) 
формулаға сай есептеуге болады: 
n
ш
=(n
1
/n
2
)=[h/(h−a)]=(h/h
ж
) (2.5)
Мұндағы h=x жазық параллель пластинканың нақты қалыңдығы, ал h
ж
=x′=h−a - 
пластинканың жорамал қалыңдығы. 
Өлшеулер төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі: а) зерттелінетін пластинканы
микроскоптың зат қойылатын орындықшасына қояды; б) микроскопты алдымен
пластинканың жоғарғы бетіне, содан кейін төменгі бетіне фокустайды. Фокустау
кезінде микрометрлік винттің көмегімен микроскоптың тубусы жылжып отырады, ал
винт бойынша есеп алудағы айырмашылық пластинканың h
ж
жорамал қалыңдығына
тең. Сонымен, h-ты өлшеп n
ш
- ны (2.5) формула бойынша есептеп шығаруға болады.


Микроскоптың фокусталуын бағалау үшін зерттелінетін пластинканың жоғары 
және төменгі беттеріне реперлік нүктелермен (сия дақтары, ұсақ тырналған белгі және
т.б.) белгіленеді. 
 
2.3. Микроскоптың құрылысы 
Микроскоп - кіші объектілердің ұлғайтылған бейнелерін алу үшін қолданылатын
құрал.
Шектеулі мамандандырылған микроскоптарды қоспағанда, барлық микроскоптарда 
жалпы түрдегі оптикалық және механикалық бұрыштары ұқсас жинастырылған 
МБУ-4 микроскопының жалпы түрі және принциптік оптикалық схемасы 2.3 - 
суретте келтірілген. Микроскоптың оптикалық схемасының негізгі бөліктеріне қысқа 
фокусты объектив пен окуляр жатады. Олар бір-біріне қатысты орналасу қашықтықтары
олардың фокустарының қашықтықтарына қарағанда әлдеқайда көп болады.
Объективтің алдыңғы фокусына таяу зерттелетін зат орналасады. Объектіден заттың 
шын, кері және ұлғайған бейнесі түзіледі. Бақылаушы окулярды лупамен қарағандағыдай 
осы кескінді ұлғайған, жорамал және тура болып көреді. Микроскоп нәрсеге қатысты ең 
жақсы көрінетін D=25 см аралықта кері кескінді береді. 
Микроскоптың негізгі механикалық бөліктерден тұрады: оның негізі 1, тубусты 
ұстап тұратын тетік 9, объектив 4 және окуляры 6 бар тубус 5, зат қойылатын орындықша 
3, зерттелінетін объектіге жарықты бағыттайтын айна 2.
Микроскопты фокустау дөрекі 7 және микрометрлік механизм 8 көмегімен 
тубусты жылжыту арқылы іске асырылады. Микрометрлік механизм барабанының 50 
бөлігі бар. Бөліктің құны 0,002 мм. Назар аударыңыз! Микромеханизмде тубустың
жүрісін 20-25 маховичок айналымына тежейтін (шектейтін) тетік болатынын естен 
шығармау керек.


а) б) 
2.3-сурет. Микроскоптағы сәулелер жолының принциптік схемасы (а) және МБУ-4 
микроскопының жалпы түрі (б). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет