2-нұсқа. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе, Ақсу өзені өтуге ыңғайсыз тік жағасымен ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді.
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Наурызым қарағайлы орманын және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді. Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю. Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы). 1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар.
Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. * 1 балл A) Өсімдіктердің түрлері туралы ақпарат
B) Сұр кесіртке туралы айтылған.
C) Жануарлардың түрлері айтылған.
D) Қазақстан Республикасының қорықтары туралы мәлімет
2. Мәтіннің үшінші азат жолына дәлірек тақырып таңдаңыз. * 1 балл A) Алматы облысы
B) Жануарлар әлемі
C) Қорғалжын қорығы
D) Қызыл кітап
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз * 1 балл A) Қорықтар, тастар, шөлді мекен, мұхиттар
B) Қорықтар, құстар, жануарлар, өсімдіктер
C) Қызыл кітап, теңіз, қала, орман, табиғат
D) Қызыл кітап, өзен, көл, орман, қорық, қала
4. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар. Қай қорық туралы айтылған? * 1 балл A) Барса - Келмес қорығы
B) Марқакөл қорығы
C) Ақсу – Жабағлы қорығы
D) Батыс – Алтай қорығы
5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. * 1 балл «Қорықтардың қайсысы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған?» A) Қорғалжын қорығы
B) Марқакөл қорығы
C) Ақсу – Жабағлы қорығы
D) Үстірт қорығы
6. Мәтін стилін белгілеңіз. * 1 балл A) ауыз екі сөйлеу стилі
B) публицистикалық стиль
C) көркем әдебиет стилі
D) ғылыми стиль
E) ресми іс- қағаздар стилі
7. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз. * 1 балл A) Ақсу-Жабағлы 1927 жылы құрылған.
B) Барса-Келмес 1939 жылы құрылған, аумағы – 30 мың га.
C) Авиафауна құрамы өте бай.
D) Қорғалжын қорығы 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған.
8. Мәтін бойынша қай қорықта өсімдіктердің ең көп түрі өседі? * 1 балл A) Ақсу-Жабағлы
B) Наурызым қорығы
C) Барса – Келмес қорығы
D) Батыс – Алтай қорығы
9. Наурызым қорығы қандай мақсатпен құрылған? * 1 балл A) Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған
B) Сирек кездесетін тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусінін сақтау мақсатында құрылған.
C) Суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған.
D) Сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған.
10. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз. * 1 балл А) Наурызым қорығы
B) Үстірт қорығы
C) Қазақстан Республикасының қорықтары
D) Қызыл кітап