№2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы



Дата11.04.2022
өлшемі15,96 Kb.
#30655
түріСабақ
Байланысты:
Сәмет Балдәурен эссе


№2 облыстық дарынды балаларға арналған

мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы

Әлжан Сәмет

«Балдәурендегі бақытты күндерім»

Соңғы қоңырау соғылды. Бұл сәттен кейін біз сабақты ұмытып , демалысқа шығамыз. Жалпы жазғы демалыста оқушылар жан жаққа қыдырып, саяхаттайды емес пе? Бірі ауылға ата-әжесіне, туыс-тумасына баратын болса, екіншісі керісінше қалаға саяхаттап қайтады. Ал енді бірі шет елдерге саяхат жасайды. Өсіміздің сол сәттен қалған естелігімізді мектепке келгенде жарыса айтатынымыз хақ. Менде өзімнің демалысым жайлы айтқым келеді.

Мен жазғы демалысымды Шымкент қаласындағы «Балдәурен» лагерьінде өткіздім. Балдәурен деген атау текке берілмеген, орталыққа келетін балалардың жасы осы бақытты балалық шаққа сәйкес. Республикалық оқу–сауықтыру орталығы Балдәурен - оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. "Балдәурен" РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында  Щучье  көлінің жағасында орналасқан. Маған ең бірінші лагерьдің орналасқан жерінің әдемілігі, тазалығы мен сол лагерьге келген оқушылардың адамгершілігі, үлкенге деген силастығы қатты ұнады. Оған қоса тәрбиешілердің кім болмасын бәріне «сіз» деп сөйлегені де балалық шағымның естелігі болып қалады. Ондағы өткізілген әртүрлі іс-шаралар мен қосымша сергіту сәттері, баланың өмірге деген құштарлығын артырып қана қоймай, алдына нақты мақсат қоя алатын деңгейге дейін жеткізе алады. Өз басым бұл лагерьге барғаныма, көптеген достар таба білгеніме қатты қуаныштымын. Балдаурен лагерьі балалық шағымның таңғажайып болуына себепші болған оқиғалардың бірі.



Демалыстың тамаша болып өтуі өз қолымызда. Ал демалыстың қызығын жаңа дүниелерді танумен бастаған керемет. Әр оқушыға, әр жасөспірімге Балдаурен лагерьінде демалысын өткізуіне өз кеңесімді беремін. Рақмет саған Балдәурен.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет