Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі201,28 Kb.
#135554
  1   2
Байланысты:
16-желтоқсан


Мақсаты: 
Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.
Балаларға еліміздің ұлттық нышандарының мән-мағынасын түсіндіру,
Отан туралы білімдерін арттыру, ҚР-сы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балаларды елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Заттық дамыту ортасы: Еліміздің рәміздерінің, желтоқсан оқиғасының, желтоқсан құрбандарының суреттері.
Балалар бізде бүгін ерекше күн. Алда бір мереке келе жатыр,сол мерекеге орай қазір біз сендермен қызықты ,танымды ,жаңалыққа толы оқу іс-әректін өтеміз.
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының гимнімен бастайық.
ҚР Гимн орындалады.
Алдымен балалар еске түсірейікші біз сендермен жаңа оқу жылы бастағалы қандай мерекелі күндерді атап өттік?
-1-қыркүйек білім күні!
-25-Қазан. Республика күні!
-Қарттар күні
-Алтын күз мерекесі

Жарайсыңдар ал алда 16 желтоқсан күні қандай мереке?


-Тәуелсіздік алған күн!
Балалар тәуелсіздік туралы не білеміз?
-Тақпақ білеміз!
1Бала
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
2бала
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік – ұлы той.

3бала
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

4бала
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атам менен барғанмын.

5Бала
16 желтоқсан құрбандары туралы слаид көрсету.

-Балалар, тәуелсіздікті алу біздің қазақ халқына оңай болған жоқ.


Қазақ халқы- ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық .1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. Сондықтан 16 желтоқсан күні тәуелсіздік мерекесі ретінде аталып өтіледі.Дүние жүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.
— Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан аға-әпкелерімізді білесіңдер ме? (Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан өзіміздің жерлестеріміз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев ағаларымыз, әпкелеріміз Ләзат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова).
Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан ағаларымыз бен әпкелерімізге арнап басқада қалаларда ескерткіштер қойылған.
16 желтоқсан күні еске алып, гүл шоғы қойылады.
-Балалар, бізде ағаларымыз бен әпкелерімізді еске ала отырып, кеше жасаған гүл шоғын еске алу тақтасына әкеп қояйық.
1 минут үнсіздік жариялау.
Есік қағып посылка ікеледі /сандық/
-балалар бізге посылка келді. Қане ішін ашып көрейік.?
Балалар бұл нелер кім біледі?
-Ту ,елтаңба, әнұран /ҚР рәміздері/
Балалар мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын, кахармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Еңселі Елтаңбамызды сипаттау:
ҚР-ның рәміздерінің бірі елтаңба.
Елтаңбада көгілдір түсті аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар таралған. Шаңырақпен уық-отбасы негізі,Отанымыздың көптеген ұлттардың бір шаңырақ астында бірлігін көрсетеді.Оң жағы мен сол жағында қанатты қос тұлпар бейнесі бейнеленген.
Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдызша орналасқан.
Бес жұлдыз –әр бір адамның,халықтың жол нұсқайтынжарық жұлдызы деген мағынаны білдіреді.
Ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.Ол мемлекетіміздіңатын білдіреді.Осы әсемде ,асқақ елтаңбаның авторлары:
Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.
Тапсырмасы
Сұрақтарға жауап беру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет