2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Төс, бұғана, жауырын құрылысы



Pdf көрінісі
бет11/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   199
8. Төс, бұғана, жауырын құрылысы 
Уникальность: 100% 
Төc,sternum-бұл кеуде қуысының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысатын дара сүйек. 
Оның функциялары кеуде мүшелерін жарақаттан қорғау, сондай-ақ әртүрлі 
бұлшықеттерге сүйек бекітуін қалыптастыру болып табылады. Сүйек үш бөлікке 
бөлінген: 
-Төс тұтқасы,manubrium.Жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі-incisura jugularis,бүйір 
бөліктерінде бұғаналық тілігі- incisura clavicularis және қабырғалық тілігі-incisura costalis 
орналасқан. 
–Төс денесі, corpus sterni.Төс сүйегінің денесі мен тұтқасы байланысқан жерінде төс 
сүйегінің бұрышы-angulus sterni орналасқан. 
–Семсертәрізді өсінді,processus xiphoideus.Ең қысқа келген бөлігі және 17-18 жасқа дейін 
шеміршектін тіннен,кейін сүйектік тіннен дамиды. 
Жауырын сүйегі-os scapula үшбұрыш тәрізді, жұп жалпақ ,қабырғалардың артқы бетінен 
екіден жетіге дейін орналасқан сүйек.Оның үш қыры, үш бұрышы және екі жақ беті 
ажыратылады.Жоғарғы қыры –margo superior бойында жауырынның жоғарғы тілігі- 
incisura scapulae superior орналасқан.Ол жауырынның құстұмсық өсіндісіне-processus 
corocoideus ұласады.Медиалді қыры- margo medialis адамның арқасынан айқын көруге 
болады.Ал үшінші қыры-латералді-margo lateralis қолтық ойысына қарай бағытталып 
орналасқан. 
Жоғарғы қыры мен медиалді қырының қосылған жерінде жауырынның жоғарғы бұрышы- 
angulus superior орналасады.Медиалді қырым және латералді қырының байланыстырып
тұратын бұрыш- төменгі-angulus inferior омыртқа бағанасына қарап орналасады. 
Медиалды қыры мен латералды қырының қосылған жерінде жауырын мойыны-collum 
scapulae арқылы шектелген басқа бұрыштардан үлкенірек болып келен латералді бұрышы-
angulus lateralis орналасқан.Оның басында тоқпан жіліктің басымен беттесіп буын 
құрайтын буындық ойысы- cavitas glenoidalis болады. Оның жоғарғы жағында буын 
ойыстық жоғарғы төмпешігі- tuberculum supraglenoidalis ал төменде төменгі төмпешік-
tuberculum infragleinodalis орналасады.Маңызы:бұлшықеттер басталатын жерлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет