2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері



Pdf көрінісі
бет14/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   199
11.Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері. 
Уникальность: 94.36% 
Қол басы сүйектері (ossa manus) 8 майда білізік сүйектерінен(ossa carpi), 5 қысқа алақан 
сүйектерінен(ossa metacarpi), саусақ сүйектерінен(ossa digitorum) тұрады.
Білезік сүйектері (ossa carpi) 8 майда сүйектен құралған. Проксимальді және дисталды 
қатарлары болады. Басбармақ жақтан қарағанда: 
1) Қайықтәрізді сүйек(os scaphoideum) проксималді қатарда орналасқан. 
Төмпешігі(tuberculum ossis scaphoidei) алақан сыртынан байқалады. Сыртқы буын беті 
кәріжіліктің дисталді ұшындағы буын бетімен беттеседі. Ішкі қапталында жарты айтәрізді 
сүйекпен, латералді қапталында трапециятәрізді сүйекпен беттесетін ойықтары бар. 
2) Жартыайтәрізід сүйек(os lunatum) қайықшатәрізі сүйектің ішкі қапталында орналасқан. 
Кәріжілік сүйегімен беттеседі. Медиалді қапталында ілмектәрізді сүйекпен, латералді 
бетінде қайықша сүйек пен үш қырлы сүйекпен беттесетін буын беттері бар. 
3) Үщ қырлы сүйек(os triquetrum) жартыайтәрізді сүйек қапталында орналасқан. Төменгі 
бетінде ілмек сүйекпен, алақан беті бұршақтәрізді сүйектермен беттеседі. 


4) Бұршақтәрізді сүйек (os pisiforme) буын құрауға қатыспайды. 
5) Трапеция сүйек (os trapezium) басбармақ жақта дисталді қатарда орналасқан. Оның 
проксималді беті қайықша сүйекпен беттеседі, ал дисталді беті бірінші алақан сүйегімен 
беттеседі. Медиалді бетінде трапециятәрізді сүйекпен және екінші алақан сүйегімен 
беттеседі. Сыртқы бетінде төмпешігі, ішкі бетінде кәріжілік-білезік сіңірінің батыңқысы 
бар. 
6) Трапециятәрізді сүйек(os trapezoideum) білезік сүйегінің ішкі қапталында орналасқан. 
Жоғарғы жағы қайықшатәрізді сүйекпен, төменгі беті 2-алақан сүйегімен беттеседі. 
7) Басты сүйек(os capitatum)- ең ірісі. Денесінің медиалді беті ілмектәрізді сүйекпен, 
латералді беті трапеция тәрізді сүйекпен беттеседі. Дистальді беті 3-алақан сүйекпен 
беттеседі. Бүйір беттері 2,4-алақан сүйек негізімен буын құрайды. 
8) Ілмек сүйек(os hamatum) ең соңғысы. Проксималді бетінде жартыайтәрізді сүйекпен, 
латералді беті басты сүйекпен, медиалді беті үш жақты сүйекпен, дисталді беті 4,5- саусақ 
сүйегімен буын құрайды.
Сыртқы бетінде бұлшықеттер мен қантамырлар және нервтер өтетін білезік сүйектерінің 
жүлгесі(sulcus carpi) бар. 
Басбармармақтан бастап
1-pollex 
2-index 
3-medius 
4-anularis 
5-minimus 
Саусақ сүйектері ossa digitorum phalanges деп аталады. Саусақ бунақтары сыртқы 
пішініне қарай қысқа түтік тәрізді сүйектерге жатады. Саусақ сүйегінің басбармағы 
проксимальды, және дистальды қатарлы бақайшақ сүйектерінен тұрса, II-V саусақтың 
бақайшақтары үш қатарлы: проксимальды, аралық, және дистальды бақайшық 
сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектер алақан сүйектері сияқты: денесінен, прокьсималды 
және дистальды ұшынан тұрады. 
Алақан сүйектері түтік тәрізді бес сүйектен құралады. Олардың денесі, негізі және басы 
болады. Саусақ сүйектері басбармақтан басқа үш бақайшақтан, ал басбармақ екі 
бақайшақтан тұрады. Алақан сүйектерi ossa metacapralia, қысқалау келген I-V түтік тәрізді 
сүйектерден тұрады. Ұзындығы басбармақ жағынан, алақан сүйегінің шынашақ жағына 
қарай қысқара келе орналасқан. Алақан сүйектерінің денесімен, проксимальды және 
дистальды ұштары ажыратылады. Алақан сүйегінің денесінің corpus metacarpalis, үш беті: 
артқы, бүйір кәрі жілік жағындағы және шынтақ жілік жағындағы беттері ажыратылады. 
Медиальдық беті, латеральдық бетінен аралы қырқа арқылы бөлінген. Бұл қырқаның 
бойында қоректік тесік, foramen nutriucium, орналасқан. І алақан сүйегінің проксимьды 
ұшы немесе негізі, basis metacaplis көлемділеу болып келген.
Саусақ бунақтары сыртқы пішініне қарай қысқа түтік тәрізді сүйектерге жатады. Саусақ 
сүйегінің басбармағы проксимальды, және дистальды қатарлы бақайшақ сүйектерінен 


тұрса, II-V саусақтың бақайшақтары үш қатарлы: проксимальды, аралық, және дистальды 
бақайшық сүйектерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет