Құйрығы көкбауырдың төменгі бөлігіне қарай орналасқан. Ұйқыбездін құйрығы тұсынан
ұйқыбездің негізгі түтігі (ductus pancreaticus) басталып, мүшенің денесі мен басына солдан
онға карай өтіп, он екі елі ішектің үлкен бүртігіне жалпы от түтігімен қосылып, ашылады.
Қызметі: аралас. Сыртқы секреция безі ретінде ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі
сөлін бөледі.Ішкі секреция безі ретінде инсулин гормонын бөледі.
Ішастар ұйқыбездің алдыңғы және төменгі беттерін жауып жатады, оның артқы бетінде
ішастар болмайды. Ұйқыбез түтігі (ductus pancreaticus) тік бұрышпен
келіп құятын
көптеген тармақтарды қабылдайды. Жалпы өт түтігімен (ductus choledochus) қосылып,
түтік онымен ортақ тесік арқылы он екі елі ішектің үлкен емізікшелерінде (papilla duodeni
major) ашылады. Ұйқыбездің негізгі түтігі (ductus pancreaticus) мен он екі елі ішек
(duodenum) арасындағы мұндай тығыз байланыс атқаратын қызметінің маңызымен қатар,
сонымен қатар ұйқыбезі мен он екі елі ішектің бірінші ішектің бір бөлігінен
дамитындығына да байланысты болып келеді. Негізгі түтіктен басқа тұрақты, қосалқы
түтік, ductus pancreaticus accessorius, болады, ол он екі елі ішектің кішкентай
емізікшелерінде (papilla duodeni minor) ашылады. Кейде қосымша ұйқыбез (pancreas
accessorium) кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: