2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Нерв жүйесінің филогенезі. Нерв жүйесінің жіктелуі



Pdf көрінісі
бет171/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

155.Нерв жүйесінің филогенезі. Нерв жүйесінің жіктелуі.
97,36% 
Нерв жүйесі дегеніміз – адам организміндегі ағзалардың сыртқы және ішкі қоршаған 
ортамен байланысын қамтамасыз ететін,ағзаларда болып жатқан жұмыстарды реттеп, 
бүкіл ағзалар жүйесін үйлестіріп, байланыстырып организмнің біркелкілігін қамтамасыз 
ететін нервілік құрылым бірлестігі.
Нерв жүйесінің дамуы үш сатыға бөлінеді:
Бірінші сатыда – ең қарапайым нерв жүйесі ішекқуыстыларда пайда болған. Олар тор 
тәрізді немесе диффузиялы құрылым түзеді. Диффузиялы түйінді жүйке жүйесінде – қозу 
бір бағытта өтеді және рецепторлар қатар дамиды. Жасушалар бір-бірімен көптеген 
өсінділер арқылы байланысады. Екінші сатыда – нерв жүйесінің түйіндік түрі 
пайда болды. Нерв жасушалары бірігіп түйіндер түзеді. Түйіндер бір-бірімен көлденең 
және бойлық орналасқан нервтер арқылы байланысады. Нерв жүйесінің түйіндік түрі 
омыртқасыздарға яғни сегменттің құрылымды организмдерге тән. Үшінші 
сатыда – түтікті нерв жүйесі пайда болған.Бұл нерв жүйесінің түрі адамға да тән. Нерв 
түтігінің тұлғалық бөлігі жұлынды түзеді. Нерв түтігінің бас жағы жуандап ми дами 
бастайды. Филогенездік даму кезінде алдыңғы ми көпіршігі екі бөлікке: соңғы ми, 
telencephalon , және аралық миға , diencephalon, бөлінеді. Нәтижесінде, соңғы ми, аралық 
ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми көпіршіктері пайда болады. Кейінгі даму 
кезеңдерінде соңғы мидың дамуы басым болады да, қарапайым ми қыртысы қалыптасады.
Нерв жүйесі қызметі мен құрылысына байланысты вегатативтік және сомалық болып 
бөлінеді. Соматикалық нерв жүйесі – адам организмінде тітіркендіргішті 
қабылдайды,сезіндіреді және де еркімізге тәуелді жиырылатын көлденең жолақты 
бұлшықетті, ішкі ағзалардың жіне қаңқа бұлшықеттерін тітіркендіреді.
Вегетативті нерв жүйесі – жүрек пен тамырларды иннервациялайды. Еркімізге тәуелсіз 
жиырылатын тегіс бұлшықеттерді нервтендіреді. Қызметтері: трофикалық және 
иммундық қызмет атқарады, температураны және бездер секрециясын реттейді.
Топографиясына байланысты нерв жүйесі орталық және шеткі болып екіге бөлінеді.
Орталық нерв жүйесіне ми және жұлын жатады. Ал, шеткі нерв жүйесіне ми мен 
жұлыннан тыс орналасқан нервтік құрылымдар құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет