өсінділерінен тұрады. Ол өсінділер нерв талшықтарының үш жүйесін құрайды. 1)
Ассоциативті талшықтардың қысқа будалары афферентті және ендірме нейрондар
жатады. 2) орталыққа тепкіш сезімтал, афферентті нейрондар жатады. 3) орталықтан
тепкіш қозғалтқыш, афферентті будалар жатады. Ақ затты жұлынның сегменттік
аппараты деп атайды. Жұлында 31 сегменті болады, оның ішінде 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел,
5 сегізкөз, 1 құйымшақ сегменті болады. Нерв сегменті аумағында қысқа рефлекс доғасы
тұйықталады. Нерв талшықтары будаларға топталады да, ал будалардан артқы, бүйір және
алдыңғы жіпшелер құралады. Сонымен қатар артқы жіпшелерде медиалді орналасқан
жіңішке буда fasciculus gracilis және латералді орналасқан сынатәрізді буда fasciculus
cuneatus болады. Бүйір жіпшелерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін будалар
болады. Ал алдыңғы жіпшелерде төмен түсетін жолдар орналасады.
Қорытындылай келе, жұлын латынша medulla spinalis, ал грекше myelos деп аталады.
Жұлында буылтықтары, жіпшелері, түбіршіктері, жүлгелері болады. Жұлын ақ заттан
және сұр заттан тұрады. Сонымен қатар жұлында 31 сегмент болады.
Достарыңызбен бөлісу: