2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Мидың IV қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы



Pdf көрінісі
бет194/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199
175.Мидың IV қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы. 
100%
 
Төртінші қарынша (ventriculus quadrats) алдыңғы жағынан сопақша мимен, ал артқы жағы 
мишықпен қоршалған құрылым. Мидың төртінші қарыншасы мидың суқұбыры 
(aqueductus cerebri) арқылы үшінші қарыншамен (ventriculus tertius) байланысады және 
орталық өзектің көмегімен жұлынмен байланысады. Бұл қарыншада ми-жұлын 
сұйықтығы (liquor cerebrospinalis) болады. Төртінші қарыншаны қарастырған кезде оның 
төбесін және түбін ажыратамыз. 
Осы төбенің алдыңғы бөлігін мидың жоғарғы желкені түзеді (velum medullare superius).
Мидың төменгі желкені (velum medullare inferius) болса төбенің артқы бөлігін түзеді. 
Velum medullare superius мишықтың жоғарғы аяқшаларының (pedunculi cerebellares 


superioris) арасында орналасса, velum medullare inferius мишықтың төменгі 
аяқшаларының (pedunculi cerebellaresinferiores) жиегінде орналасады. Және осы velum 
medullare inferius төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысын (tela choireidea ventrculi 
quarti) құрайды. Ол жамылғыда төртінші қарыншаны торлы қабықастындағы кеңістікпен 
байланысатыратын үш тесік бар. Ол тесіктердің екеуі латералді (apertutae laterals ventriculi 
quarti), біреуі ортаңғы (apertura mediana ventriculi quarti) болып табылады. Тағы да 
төртінші қарыншаның төбесінің ортасында мишық құртының түйіншегі (nodulus) бар. 
Төртінші қарыншаның түбі көпірдің және сопақша мидың дорсальды беттері арқылы 
пайда болған ромб тәрізді шұңқырдан (fossa rhomboidea) құралады. Оның жоғарғы 
бұрышын мишықтың жоғарғы аяқшалары, ал төменгі бұрышын төменгі аяқшалары 
құрайды. Осы ромб тәрізді шұңқырда көлденнең орналасқан төртінші қарыншаның милық 
жолақтары (stira stirae medullares) болады. Бұл жолақ шұңқырды екі үшбұрышқа бөліп 
тұрады. Ал тік бағытта орналасқан ортаңғы жүлге болса шұңқырды (sulcus medinus) оң 
және сол жарты үлестерге бөледі. Ромб тәрізді шұңқыр бұдан да басқа құрылымдардан 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет