Мұрын бөлігі (pars nasalis) доға түрінде торлық тілік (іnсisura ethmoidalis) жабады. Мұрын
бөлігінің алдында мұрындық қылқан (spina nasalis) орналасқан. Бұл өсіндінің алдында
және бүйір катталында доғатәрізді иілген және бұдыр лы мұрындық кыры (mаgro nasalis)
орналаскан .
Бұдырлы мұрын қыры- мұрын сүйегімен мұрын-таңдай жiктерi (ѕutura nasofrontalis)
арқылы, жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісі мен маңдай - жоғарғы жақтық жiктерi
(ѕutura frontomaxillaris) арқылы жалғасып, көлденең бағытта орналасқан маңдай - жоғарғы
жактык жiктердi (ѕutura frontomaxilaris) құрайды. Ішкі жағында мұрындық қырқа (crista
nasalis) бар. Оның бүйір маңдай қойнау тесігі (apertura sinus frontalis) бар.
Маңдай сүйектің қойнауы (sinus frontalis) жұпталған қуыс, қойнау қуысы шырышты
қабықпен қапталған. Маңдай сүйегінің екі табақшасыныі арасында, оның алдыңғы-
төменгі бөліктерінде жатыр. Маңдай қойнауының ауасы бар мұрынмаңы қойнауларға
(sinus paranasales) жатады. Оң және сол жақ қуыстарды бір-бірінен маңдай қуысы
қылқасымен (septum sinuum frontalium) бөледі. Маңдай қойнау тесігі (apertura sinus
frontalis) арқылы, маңдай қойнауы мұрын қуысының ортаңғы мұрын жолымен (meatus nasi
medius) байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: