2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы



Pdf көрінісі
бет85/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

77. Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы. 
Уникальность: 
100.00% 
Cанның жоғарғы жағында алдынан шап байламымен, артынан және сыртынан қасаға және 
мықын сүйектерімен шектеліп жатқан кеңістік бар. Бұл кеңістікті шап байламынан мықын 
сүйекке дейін созылатын тығыз дәнекер тіндік arcus iliopectineus бұлшықет және тамырлы 
лакуналарға бөледі.
Бұлшықет лакунасының lacuna musculorum алдыңғы және жоғарғы қабырғалары шап 
байламымен lig.inguinale, латеральді қабырғасы мықын сүйекпен os ililum, медиалді 
қабырғасы arcus iliopectineus шектелген. Сыртқы пішіні сопақша болып келген. Бұлшықет 
лакунасы арқылы үлкен жамбастан санның алдыңғы бөлігіне бел-мықын бұлшықеті 
m.iliopsoas, plexus lumbalis тарамдалған сан нерві n.femoralis-пен санның латеральді нерві 
n.cutaneus femoris lateralis өтеді.
Қан тамырлы лакунаның lacuna vasorum алдыңғы және жоғарғы қабырғасын шап 
байламымен lig.inguinale, латеральді қабырғасын arcus iliopectineus, медиальді қабырғасын 
лакуналық байлам lig.lacunare, артқы және төменгі қабырғаларын қасаға төмпешігінде 


орналасқан Купер байламы lig.pectinale құрайды. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді болып 
келеді. Қан тамырлы лакуна арқылы сан артериясы a.femoralis мен венасы v.femoralis, 
plexus lumbalis тарамдалған сан жыныстық нерв n.genitofemoralis және мықын шап нерві 
n.ilioinguinalis өтеді. Сан венасы лакунаның медиальді аймағында орналасқан, ал сан 
артериясы оның латеральді жағында тұрады. Олар тамырлы лакунанын үштен екі бөлігін 
алады. Ал қалған үштен бір бөлігін Розенмюллер‑Пирогов лимфа түйіні мен борпылдақ 
талшықтар алып жатыр.
78. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі, шекаралары, қатынасы, құрамы. 
Уникальность: 100.00% 
Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі canalis adductorius, басқаша Гунтеров каналы 
деп аталады. Осы өзек арқылы тамырлар мен нервтер санның алдыңғы бөлігінен тақым 
шұңқырына өтеді. Алдыңғы сан жүлгесінің sulcus femoralis anterior жалғасы болып 
саналады. Үш қабырғасы мен үш саңылауы болады. Проксимальді бағытта бұл өзек сан 
үшбұрышымен trigonum femorale, дистальді бағытта тақым шұңқырымен fossa poplitea 
байланысады. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді. Латеральді қабырғасын санның жалпақ 
медиальді бұлшықеті m.vastus medialis, медиальді қабырғасын санның ішке тартқыш 
үлкен бұлшықеті m.adductor magnus, алдыңғы қабырғасын осы бұлшықеттердің арасында 
орналасқан фиброзды мембрана membrana vastoadductoria құрайды. Бұл мембрана 
жоғарғы жағынан тігінші бұлшықетпен m.sartorius жабылған. Жалпы айтқанда өзектің 
ұзындығы 6-7 см болып келеді. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегінің жоғарғы 
саңылауы сан үшбұрышының шұңқыр тәрізді кеңістігінің соңғы бөлімі болып табылады. 
Ол санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетімен m.adductor magnus, санның жалпақ 
медиальді бұлшықетімен m.vastus medialis, фиброзды мембранамен membrana 
vastoadductoria шектеледі. Бұл саңылау арқылы сан үшбұрышы кеңістігенен санның қан 
тамырлары өтеді. Ал ортаңғы саңылауы фиброзды мембранамен membrana vastoadductoria 
шектелген. Өзектің төменгі саңылауы hiatus tendinous m.adductor magnus деп аталады. Ол 
санның артқы бетінде тақым шұңқырында орналасады. Бұл өзек арқылы сан артериясынан 
a.femoralis таралатын тақым артериясы a.poplitea мен тақым венасы v.poplitea influxus, сан 
нервісінен n.femoralis тарамдалған тері асты венасы n.saphenus өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет