2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі



Pdf көрінісі
бет166/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

149. Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі.
Жатыр түтігі, tuba uterina, негізінен жатыр куысында аналык безде түзілген аналық 
жыныс жасушасын өткізетін жұп мүше болып табылады. Жатыр түтіктері олар кіші 
жамбас астауында орналаскан, жатырдан аналық безге өтетін цилиндр пішінді түтіктер. 
Әрбір түтік жатырдын жалпақ байламының жоғарғы жиегінде орналаскан, оның 
шажырқайы негізінен mesosalpinx, жоғарғы жағынан - окатыр түтігімен, төменгі жағынан
-шалыкбезбен, оның меншікті байламымен, ал латералді жағынан - аналық бездің
шашағымен шектеледі. Жатыр түтігінін ұзындығы шамамен - 10-12 см болса, түтік 
куысы 2-4 мм болып келеді. Жатыр түтігінің қуысы бір жағынан тар жатыр тесігі, ostium 
uterinae tubae, арқылы жатыр куысымен, екінші жағынан іштік тесік, ostium abdominale 
tubae uterinae, арқылы іш қуысымен байланысады. Сонымен, әйелдердің ішастар қуысы 
жатыр түтігінің қуысы, жатыр куысы және қынап арқылы сыртқы ортамен байланысады. 
Жатыр түтігінде келесі бөліктерді ажыратамыз: олар жатыр қабырғасының 
қалындығында орналаскан жатыр бөлігі, pars uterina; жатырға жақын жатқан бөлігі - 
жатыр түтігінің қылқасы, isthmus tubae uterinae, бұл бөлік өте тар және ең қалың 
қабырғалы болып келеді, жатырдың жалпак байламы табақтарының аралығында 
орналаскан.
Келесі бөлігі - жатыр түтігінің кең жері, ampulla tubae uterinae, жатыр түтігі ұзындығының 
жартысы осы қарай бөлікке келеді, оның диаметрі біртіндеп үлкейіп, келесі - жатыр 
түтігінің құйғышына, infundibulum tubae uterinae, жалғасады, ол ұзын және жіңішке түтік 
шашактарымен, fimbriae tubae, аякталады. Шашақтардың ішіндегі ең ұзын шашағы -
аналық без шашағы, fimbria ovarica, деп аталады. Аналык без шашағынын қызметі: аналық 
жыныс жасушасының қимылын жатыр түтігі құйғышына қарай бағыттау болып табылады. 
Жатыр түтігі кабырғасының құрылысына келетін болсақ: ішкі қабықтан, ортаңғы 
бұлшықеттік қабықтан және сыртқы сірлі қабықтан құралған.
Ішкі қабығы, яғни шырышты қабық, tunica mucosa, жатыр түтігінің барлық деңгейінде 
қатпарларға жиналады. Жатыр түтігінің іштік тесігінің тұсында шырышты қабық 
қалындап, өте көп қатпар түзеді. Әсіресе, қатпарлар жатыр түтігі құйғышында көбірек 
кездеседі. Шырышты қабық эпителиймен қапталған, оның кірпіктері жатырға карай
бағытталып қозғалады.
Ортаңғы бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сырткы бойлық және ішкі денгелек (өте 
қалың) кабаттардан тұрады. 


 Сыртқы қабығы яғни, сірлі қабық, tunica serosa, онын астында сірліасты негізі, tela 
subserosa, орналаскан.
Жатыр түтігінің атқаратын қызметтеріне келетін болсақ: транспорттық қызмет атқарады, 
яғни ішперда қуысынан жатырға клеткасын өткізеді және жыныс клеткасын ұрықтандыру 
процестеріне қатысады.
Жатыр түтігінің канмен камтамасыз етілуіне тоқталсақ: Жатыр түтігін негізінен жатыр 
артериясының (а.uterina) тармағы-түтік тармақтары, г. tubarius, және құйғышын аналық 
без артериясының (a. ovarica) тармақтары канмен қамтамасыз етеді. Жатыр түтігінен 
веналық қан аттас веналар арқылы жатырдын веналық өріміне ағады. Жатыр түтігінің 
лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне қарай ашылады. Жатыр түтігін аналық без және 
жатыр-қынап өрімдері нервтендіріп тұрады. Жатыр түтігінің рентген керіністе жатыр 
түтігі ұзын және жіңішкке, кең жері аймағында кеңейген көлеңке түрінде керсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет