2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Жұлынның сыртқы, ішкі, сегменттік құрылысы



Pdf көрінісі
бет174/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

158.Жұлынның сыртқы, ішкі, сегменттік құрылысы. 
Текст.ру 76,17 антиплагиат. Ру 
98.01 
Жұлынның латынша атауы medulla spinalis, ал грекше myelos деп аталады. Ол омыртқа 
өзегінде орналасады. Оның ұзындығы еркектерде 45 см, ал әйелдерде 41-42 см болады. Ол 
2 бел омыртқасы деңгейінде аяқталады. Жұлында 2 буылтық болады. Біреуі мойын 
буылтығы, intumescentia cervicalis деп аталады, ал екіншісі бел-сегізкөз буылтығы, 
intumescentia lumbosacralis деп аталады. Жұлында оның бүйір қабырғаларының 
қалыңдауынан, алдыңғы және артқы бойлық жүлгелермен, fissura mediana anterior тереңі 
мен fissura mediana posterior беткейімен оң және сол жартыға бөлінеді. Ол жерлерде артқы 
және алдыңғы түбіршіктердің кірер сызығы, sulcus posterolateralis және sulcus 
anterolateralis орналасады. Жүлгелер алдыңғы funiculus anterior, бүйір funiculus lateralis, 
артқы funiculus posterior деп 3 жіпшеге бөлінеді. Сонымен қатар аралық жүлгеше sulcus 
intermedius posterior арқылы 2 будаға бөлінеді. Ол fasciculus gracilis және fasciculus 
cuneatus бөлінеді. Тағы екі бойлық қатармен екі түбіршік шығады. Ол алдыңғы түбіршік 
radix ventralis және артқы түбіршік radix dorsalis. Алдыңғы түбіршікте қозғалыс 
нейрондарының нейриттері орналасады, ал артқы түбіршікте сезімтал нейрондардың 
өсінділері орналасады. Омыртқааралық тесіктерде артқы түбіршіктің томпағы жұлын 
түйіні ganglion spinale болады. Онда афферентті нейрондар орналасады. Оның өсінділері 2 
тармаққа бөлінеді. Біріншісі орталық тармақ артқы түбіршіктің құрамына кіреді де, 
жұлынға кетеді. Екіншісі шеткі тармақ жұлын нервісіне қосылады.
Жұлынның ішкі құрылысына келетін болсақ ол сұр заттан және ақ заттан тұрады. Сұр зат 
substantia grisea ол жұлынның ішінде болады және ақ затпен қоршалған болады. Онда нерв 
жасушалары және олардың өсінділері болады. Сұр зат 2 бағана түзеді, ол бағандар 2 
бөлінеді. Алдыңғы columna anterior және артқы columna posterior. Жұлынды көлденеңінен 
кессе, сұр зат Н әрпіне ұқсас болады, онда алдыңғы кеңейген мүйіз cornu anterius және 
артқы сүйірленген мүйіз cornu posterius болады. Артқы мүйіз жасушалары сомалық-
сезімтал ядролар түзеді. Олар кеуде ядросы nucleus thoracicus, сілікпетәрізді substantia 
gelatinosa және меншікті ядролар nuclei proprii болады. Жұлынның алдыңғы және артқы 
мүйіздер өзара сұр заттың аралық аймағы арқылы байланысқан, ол жұлынның кеуде және 
бел бөлімдерінде 1 кеуде сегменті және 2-3 бел сегменттері бойында күшті дамиды. Ол 
бүйір мұйіз cornu laterale түрінде көрінеді. Келесі жұлынның ақ заты substantia alba нерв 


өсінділерінен тұрады. Ол өсінділер нерв талшықтарының үш жүйесін құрайды. 1) 
Ассоциативті талшықтардың қысқа будалары афферентті және ендірме нейрондар 
жатады. 2) орталыққа тепкіш сезімтал, афферентті нейрондар жатады. 3) орталықтан 
тепкіш қозғалтқыш, афферентті будалар жатады. Ақ затты жұлынның сегменттік 
аппараты деп атайды. Жұлында 31 сегменті болады, оның ішінде 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 
5 сегізкөз, 1 құйымшақ сегменті болады. Нерв сегменті аумағында қысқа рефлекс доғасы 
тұйықталады. Нерв талшықтары будаларға топталады да, ал будалардан артқы, бүйір және 
алдыңғы жіпшелер құралады. Сонымен қатар артқы жіпшелерде медиалді орналасқан 
жіңішке буда fasciculus gracilis және латералді орналасқан сынатәрізді буда fasciculus 
cuneatus болады. Бүйір жіпшелерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін будалар 
болады. Ал алдыңғы жіпшелерде төмен түсетін жолдар орналасады.
Қорытындылай келе, жұлын латынша medulla spinalis, ал грекше myelos деп аталады. 
Жұлында буылтықтары, жіпшелері, түбіршіктері, жүлгелері болады. Жұлын ақ заттан 
және сұр заттан тұрады. Сонымен қатар жұлында 31 сегмент болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет