2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет170/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Терең бұлшықеттері: 
Шатаралықтың терең көлденең бұлшықеті (m. transversus perinei profundus)- жіңішке 
табақ түрінде болып келетін жұп бұлшықет .Шонданай және қасаға сүйектерінен 
басталып,шатаралықтың ортаңғы сызығында қосылып ,сіңірлі орталықты түзеді және 
несеп-жыныс диафрагмасын қатайтуға қатысады. 
Несеп шығаратын өзектің сыртқы қысқышы (m. sphincter urethrae externus)-ерлерде несеп 
шығартын каналдың жарғақты бөлігін,әйелдерде қасаға сүйегінен басталып,несеп 
шығаратын каналды қысатын тақ бұлшықет.
Фасциялары:
1. Шатаралықтың беткей фасциясы (fascia perinei superficialis) – тері астында орналасады, 
дененің жалпы беткей фасциясының бір бөлігі.
2. Жамбас диафрагмасының төменгі фасциясының беткей пластинкасы (lamina superficialis 
fasciae diaphragmatis pelvis inferior) – бұл фасция m. bulbospongiosus, m. ischiocavernosus et 
transversus perinei superficialis-тардың сыртқы беттерін жауып жатады.
3.Несеп-жыныс диафрагмасының төменгі фасциясы (fascia diaphragmatis urogenitalis 
inferior) несеп-жыныс диафрагмасының беткей және терең бұлшықеттерінің арасында 
орналасқан. 4.Несеп-жыныс 
диафрагмасының жоғарғы фасциясы (fascia diaphradmatis urogenitalis superior) бұл фасция 
m. transversus perinei profundus et m. sphincter uretrae externus-тарды яғни аталған 
бұлшықеттерді жоғарғы жағынан жауып орналасады. 
154.Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашықтары. 
100%
Шатаралық (perineum) – –жамбас астауының шығаберіс тесігінде орналасқан 
бұлшықеттермен фасциялардан тұратын құрылым. 


Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашылықтары: 
Әйелдерде шатаралық аймақ жыныс саңылауының артқы шетінен артқы өтістің,яғни 
анустың алдыңғы жиегіне дейін, ал ерлерде ұманың артқы шетінен арткы өтістің алдыңғы 
шетіне дейінгі аралықта орналасқан.
Әйелдерде -несеп-жыныс диафрагмасының ені көлемі жағынан үлкен, ол арқылы несеп 
шығаратын өзек және қынап өтеді. Әйелдерде шатаралық аймақтың бұлшықеттері 
ерлердің шатаралықтағы бұлшықеттеріне қарағанда нашар дамыған.Сонымен қатар-
әйелдер де несеп-жыныс диафрагмасының жоғарғы және төменгі фасциялары жақсы 
дамыған,ал шатаралықтың терең көлденең бұлшықеті нашар жетілген. Несеп шығаратын 
өзегінің қысқыш бұлшықетінің будалары қынапты қоршай және оның қабырғасына 
шырмала орналасқан.
Әйел несеп-жыныс өзегінің сфинктерінің бұлшықеттік түйіндері қынаппен бірге 
қабырғасын өрім арқылы ұстап тұрады. Қынап пен артқы өтіс арасында орналасатын 
шаттың сіңір орталығы, сіңірлі және эластикалық талшықтардан тұрады .
Жамбас диафрагмасы арқылы ер адамдарда зәр шығарушы түтік, ал әйел адамдарда зәр 
шығарушы түтікпен қоса қынап және тік ішектің соңғы бөлігі өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет