2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет40/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

2. Шеміршектік байланыс
(синхондроз) juncture cartilaginea seusyn chondrosis –гиалинді 
және фиброзды шеміршектермен көрсетілген. Гиалинді шеміршектер өзінің 
серпімділігімен және әлсіздігімен сипатталады. Гиалинді шеміршектердің көмегімен
түтік сүйектердің метафизі мен эпифиздері, жамбас сүйектерінің кейбір сүйектері 
байланысады. Ал, фиброзды шеміршек коллаген талшықтарынан тұрғандықтан, 
беріктілігімен және аз серпім- ділігімен сипатталады Бұндай шеміршекпен омыртқа
денелері байланысады. Синхондроз сақталу мерзіміне байланысты тұрақты және
уақытша болып екі топқа бөлінеді. Тұрақты шеміршектер – омыртқа аралық дискілерді
түзетін шеміршектер; бас сүйек негізі сүйектерінің арасында орналасатын шеміршектер. 
Уақытша шеміршектерге- метаэпифиздік щеміршектер, жалпақ сүйектердің кейбір
бөліктері арасындағы шеміршек жатады. 
3. Сүйек тіні арқылы байланыс
(сиостоз) junctura ossea seu synostosis – серпімділігі 
мен амортизатор қасиеті жоқ, ең берік байланыстар.
34.Буындардың құрылысы. Буындардың буын пішініне, қозғалыс біліктеріне, 
қызметтеріне байланысты жіктелуі.
Буындар үзілісті байланыстарға жатады. 
Буындар articulatio – шеміршекпен жабылған буын беттерімен қосылып, буын 
капсуласына енгізілген және қуысында синовиалды сұйықтық бар үзілісті қуысты
байланыстар . 
Буындардың буындық беттері сыртқы пішініне қарай: шартәрізді, жалпақ буындар, 
элипстәрізді буындар, ершіктәрізді буындар, цилиндртәрізді буындар, шығыртәрізді
буындарға айдаршықты буындарға бөлінеді. Осы бөлінулерді қимыл біліктерінің санына
қарай бір білікті, екі білікті және үш білікті буындарға жіктейді. 
1.Бір білікті буындар, буындарда қимыл бір білік айналасында жүреді.Оған фронталды 
немесе вертикалды біліктер жатады. Бір білікті буындар беттерінің пішіні бойынша:
- цилиндр тәрізді articulatio cylindrica
- шығыршық тәрізді буындар ginglimus жатады. 


2.Екі білікті буындар – буындар екі білік айналасында, көбінесе фрондалды және 
сагиталды біліктер айналасында және бес қимыл – бүгілу, жазылу, әкелу, әкету және 
айнала қимыл кезінде қимылдайды.Екі білікті буындарға: 
- айдарщық тәрізді articulationes bicondylares 
- эллипс тәрізді articulatio ellipsoidea 
- ер тоқым тәрізді articulatio sellaris буындар жатады. 
3. Көп білікті буындар – буындардағы қимыл үш біліктің немесе оданда көп біліктің
айналасында жүреді.
Көп білікті буындарға: 
-шар тәрізді буын articulatio spheriodea 
- тостағанша буын articulatio cotylica 
-жалпақ буын articulatio plana жатады. 
Буындардағы қимыл-қозғалыс үш біліктің айналасында болады: фронталды білік 
бойынша буындарда бүгілу және жазылу flexio, extensio; сагиталды білік бойынша әкелу
және әкету adductio, abductio; вертикалды білік бойынша айналдыру rotatio, ол ішке 
айналдыру және сыртқа айналдыру pronation, supinatio қызметтерін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет