45. Сүйекті балықтар тобының осьтік қаңқасы ( омыртқа ) амфицельді омыртқалардан құралған және ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші кеуде қабырғалары бекитін тұлға бөлімі, екінші құйрық бөлімі



Дата21.12.2022
өлшемі10,93 Kb.
#58717


45.Сүйекті балықтар тобының осьтік қаңқасы ( омыртқа ) амфицельді омыртқалардан құралған және ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші – кеуде қабырғалары бекитін тұлға бөлімі , екінші - құйрық бөлімі. Балықтардың бұл осьтік қаңқасы – олардың тірек қаңқасы болып табылады. Жеке омыртқаны алсақ , ол омыртқа денесінен және үстіңгі , астыңғы омыртқа доғаларынан тұрады.Омыртқа сүйектерінің соңғы жағы өзгеріске ұшырап жалпақ сүйектерге жалғасқан. Жұлын каналын тұлға бөліміндегі жоғарғы доға қосыла отырып құрайды. Ал құйрық бөлімінде бұндай ерекшеліктер анықталмаған.

46.Сүйекті балықтардың құрылысындағы ерекшеліктерінің біріне - жүзу торсылдағының болуы жатады. Торсылдақ балықтың тіршілік процесінде аса маңызға ие. Себебі, торсылдақтың көмегімен балық судың түрлі қабаттарына ауыса алады. Торсылдақтың сыртқы пішіні қапшыққа ұқсас, күміс түстес болып келеді. Торсылдақтың ішінде азот, оттегі, көмірқышқыл газдарының қоспасы болады.Судың қабаты қаншалықты тереңдесе, судың қысымы соншалықты артады.Осы уақытта торсылдақтың ішіндегі газдардың қысымы да көбейеді, ал көлемі кішірейе батайды. Нәтижесінде , балықтың меншікті салмағы артады да, балықтың терең сүңгуіне жағдай жасайды. Ал балық судың беткі қабатына көтерілгенде бұл процесс қарама-қарсы жүреді. Яғни, басты қызметі- гидростатикалық қызмет. Торсылдақтың ішкі құрлысына келетін болсақ, торсылдақ қабырғасындағы көптеген ұсақ капиллярлар торсылдақтың ауаға толтырылуын және газдың денеге сіңірілуін қамтамасыз етеді. Көп балықтардың торсылдағы біркамералы болып келеді.Ол ерекше ауа жолы арқылы өңешпен байланысады.


47.Амфибилердің жер бетінде бес саусақты аяқтарымен қозғалып жүруіне байланысты ет жүйесінде балықтармен салыстырғанда екі ерекшелік пайда болған. Бірінші –алдыңғы және артқы аяқтарының еттері күрделенген және едәуір күшті дамыған. Екінші- қос мекенділердің күрделі қимылдар жасауына қатысты ет систематикасы жіктелген. Балықтардың денесіндегідей еттердің сегменттелуі амфибилерде байқалмайды.Құйрықсыздардың кеуде бөліміндегі еттерінен ет сегменттерінің метамерлі орналасқанын байқаймыз.


48.Амфибилердің жыныс жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтардың жыныс мүшелерінің құрлысымен ұқсас болып келеді.Жұп жыныс безінің өзіндік жолы жоқ.Тұқым каналы бүйректің алдыңғы жағы арқылы өтеді.Одан ары вольфов каналына жалғасады да, ұрық жолының қызметін ғана емес , зәршығару жолынның қызметін де атқарады.Еркектерінде тұқым қалтасы ұрықтың уақытша жиналуын қамтамасыз етеді және оны вольфов каналының клоакаға жалғасатын жері кеңейе отырып құрайды. Еркектеріндегі тұқым безінің нақты пішіні болмайды, сырт көзге сары түсті майлы дене.Бұл ұрықтың, яғни сперматозоидың қорегі болып табылады. Сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты оның мөлшері өзгеріп отырады.Мәселен, күзде көлемі үлкен болса, көктемде сперматозоид жасап шығарғандықтан көлемі кішірейеді.Негізінен, қосмекенділердің көп түрінде шағылыс мүшесі болмайды. Ал аналық безіне келер болсақ, аналық безі де жұп.Майлы дене үстіңгі бөлігінде орналасқан. Жетілген жұмыртқалар мюллеров каналына түседі. Мюллеров каналы- пішіні воронка тәрізді кеңейген, бір жоп аналық жұмыртқа жолы.Бұл ұзынша келген,иректелген түтікше тәріздес. Алдыңғы жағы дене қуысына ашылса, артқы бөлімі клоакаға ашылады.


49.Амфибилердің ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы нәтижесіндегі ауа өкпеге қарай өтеді. Сонымен қатар, ортаңғы құлақ қуысы да арнайы түтік арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысымен тікелей байланысқан. Құрлысына келер болсақ, ең алдымен ауыз қуысы кеңейіп жұтқыншақпен байланысады. Ал жұтқыншақ қуысы артқы бөлігінен тарыла келіп өңешке айналады.Ауыз-жұтқыншақ қуысына евстахиев түтіктері, көмекей саңылауы және хаондар, сілекей бездерінің жолдары ашылады. Ауыз жұтқыншық қуысының түп жағында тіл орналасады. Тілдерінің пішіні , қозғалмалы немесе қозғалмайтын болып келуі тіршілік әрекеттеріне және қоректену сипатына қарай түрліше болып келеді.Мәселен, құйрықты қосмекенділерде ол қозғалмайтын болып бекінсе, кейбір түрлерінің тілі саңырауқұлақ пішіндес болып келеді. Ауыз-жұтқыншақ қуысының тағы бір ерекшелігі- қоректік заттардың жылжуына көз алмасы жәрдемдеседі.Себебі, көз алмасы мен ауыз-жұтқыншақ бөлігін жұқа перде ғана бөліп тұрады.Ол еттердің жиырылуынан қоректік заттарды ауыз-жұтқыншақ қуысына қарай итереді.


50. Ересек амфибилер өкпесі және терісі арқылы тыныс алады. Ал судағы личинкалары сыртқы желбезек көмегімен тыныс алады. Ол көпшілігінде уақыт өте жойылып кетеді, ал протейлер және сирендерде өмір бойы сақталса, амфиумдардың ересектерінде өкпе және ішкі желбезектері сақталған. Ал кейбір түрлері терісімен және шырынды ауыз қуысы тыныс алады. Мәселен, Америкадағы өкпесіз саламандраның өкпесі толығымен жойылып кеткен. Сонымен қатар, біздегі қиыр-шығыс тритондарын мысалға алуға болады. Жалпы тыныс алу механизмі ерекше болады.Ауыз-жұтқыншақ қуысы ауаны ендіру және шығару , яғни насостық қызмет атқарады. Ол төмен қарай түскенде ашық тұрған танау арқылы ауа сыртқа қарай шығады, ал жлғары көтерілгенде танау жабылады да , ауа өкпеге барады.Әдетте, өкпесі ұя тәрізді көптеген қуыстардан тұрады, екі қалтаға ұқсайды. Тыныс алу және шығару процестерінде терісінің де маңызы зор. Мәселен, жасыл бақалар қанның тотығуына қажетті оттегінің жарты бөлігін терісі арқылы денесіне сіңіреді.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет