функциясын жасайды. Иек-тіластылық бұлшықет-m.geniohyoideus, төменгі жақсүйегін
төменге қарай қозғалтады.
- Тіласты сүйегіне бекитін төмен бұлшықеттеріне тоқталып өтетін болсам...Олардың бірі -
m.sternohyoideus. Функциясы: жиырылу сәтінде тіласты сүйегін төменге тарту. Ал, төс-
қалқанша бұлшықетінің - m.sternothyroideus функциясы – көмейдің бағытын төменге
тарту. Келесі қалқанша-тіласты бұлшықеті - m.thyrohyoideus, көмейдің бағытын тіласты
сүйегіне тартуды қамтамасыз етеді. Ал, жауырын-тіласты бұлшықеті - m.omohyoideus
жалпақ екі қарыншадан тұратын бұлшықет болып табылады.Функциясы –тіласты
сүйегінің бағытын төменге, артқы бағытқа тартуды қамтамасыз етеді.
2. Мойынның терең орналасқан бұлшықеттері - медиалды және латералды топтарға
бөлінеді.
- Латералды топ бұлшықеттері 4 топқа бөлінеді.
1.Алдыңғы сатылы бұлшықет - musculus scalenus anterior, 1-ші қабырға құрылмының
жоғарғы бетінде сатылы бұлшықеттің төмпесіне бекиді. Функциясы: терең тыныс алуға
қатысу және мойын омыртқаларын жиырылу бағытына қарай бұру болып саналады.
2.Ортаңғы сатылы бұлшықет - musculus scalenus medius, бесінші-алтынша мойын
омыртқалардың қабырғалық өсіндісінің төмпешігінен басталады және терең тыныс алуға
қатыасады,мойын омыртқасын алға қарай бүгеді.
3.Артқы сатылы бұлшықет - musculus scalenus posterior болса, 2-ші қабырғаның сыртқы
бетіне бекиді. Функциясы : I және II қабырғаларды көтереді , омыртка бағанының мойын
бөлімін бүгеді.
4.Ең ұсақ сатылы бұлшықет - musculus scalenus minimus, 1-ші қабырғаны және плевра
қапшығындағы күмбезді көтеру функциясын атқарады.
- Медиалды топ бұлшықеттері 4 топқа бөлінеді.
1. Мойынның ұзын бұлшыкеті - musculus longus colli мойынның барлық бөлігін сонымен
қатар жұтқыншақтың және өнештің артында орналасқан. Функциясы: екіжақты
жиырылғанда мойынды алдыңғы бағдарға бұрады, бір жақты жиырылғанда өзі жағына
бұрады.
2.Бастың ұзын бұлшықеті - musculus longus capitis III - VI мойын омыртқалардың
көлденең өсінділеріндегі алдыңғы төмпешіктерінен басталып, шүйде сүйектің төменгі
бетіне дейін жалғасады. Функциясы: екі жақты жиырылғанда басты алға бұрады, бір
жақты жиырылғанда өз жағына бұрады .
3.Бастың алдыңғы тік бұлшыкеті - musculus rectus capitis anterior,
қысқалау бұлшықет
болып саналады , ауыз омыртқа құрылымының алдыңғы доғасы бөлімінен басталып,
шүйде сүйектің төменгі бетіне бекінеді. Функциясы: басты алға иеді.
4.Бастың латералды тік бұлшықеті - musculus rectus lateralіs ол ауыз омыртқасының
көлденең өсіндісінен басталып шүйде сүйектің латералдық бөлігіне бекінеді. Функциясы:
басты бүйір қапталына қарай ию.
Мойын бұлшықеттерінің шандырлық қабықтары – fascia cervicalis, В.Н Шевкуненко
бойынша 5 табақшаға бөлінеді.
-Мойын бұлшықеттерінің беткейлік фасция табақшасы - fascia colli superfiсialis, ол
кеуденің беткей орналасқан фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады.
-Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының беткей табақшасы - lamina superfiсialis
fasciae colli ргоргіае. Бұл табақша, мойынның тіласты сүйегінен жоғары және төмен
орналасқан бұлшықеттер мен, қан тамырлардың және нервтердің фасциялық қабықшасын
құрайды.
-Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының терең табақшасы - lamina profunda
fasciae colli propriae, немесе жауырын-бұғаналық, fascia omoclavicularis деп аталады. Ол
мойынның алдыңғы бөлігінде, төс-бұғана-емізік бұлшықеттің артында трапеция
тәрізденіп орналасқан.
-Мойынның ішкі фасциялық табақшасы - fascia endocervicalis, төртінші табақшаны
құрайды.
-Алдыңғы омыртқалық фасция - fascia prevertebralis ол мойынның тереңде орналасқан
бұлшықеттердің фасциялық қабықшасын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: