2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын



Pdf көрінісі
бет129/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   199
117.Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын 
керетін бұлшықеттер).
(Antipagiat.ru-90,12%)
 
Көмей бұлшықеттері, musculi laryngis, істейтін қызметіне қарай: дауыс санылауын 
кеңейтетін, тарылтатын және дауыс байламын керетін бұлшықеттер болып бөлінеді.
Дауыс саңылауын тарылтатын бұлшықеттер: 
▼1. Латералді жүзік-ожаутәрізді бұлшықеті, т. cricoarytenoideus lateralis. Ол сақиналы 
шеміршектің доғасынан басталады, жоғары және артқа қозғалады және ожаутәрізді 
шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне, processus muscularis-ке бекиді. Қызметі: 


бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауысты ішке бұрады және дауыс 
саңылауын тарылтады. 
▼2. Қалқаншаожаутәрізді бұлшықеті, т. thyroarytenoideus, қалқанша шеміршектің ішінен 
бастап, вестибулярлы қатпардың plica vestibularis терең қабаты арқылы, жоғары және 
артқа қарай бағытталып және ожаутәрізді шеміршектегі бұлшықеттік өсіндісіге бекиді. 
Қызметі: жиырылу кезінде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне қарата алға 
жылжып, дауыстық өсінділері бір-біріне жақындай түседі, ал дауыс саңылауы тарылады. 
▼3. Көлденең ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus transversus, тақбұлшықет. Бұл 
бұлшықет оң және сол жақ шеміршектің артқы бетінде көлденең орналасқан. Қызметі: 
дауыс саңылауының шеміршекті бөлігін тарылтады. 
▼4. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus obliguus, ол жоғарыда аталған 
бұлшықеттің беткі жағында қиғаш бағытта қиылысатын жұп бұлшықеттен құралады. 
Бұлшықет ожау-көмей қақпашығы қатпарынын, plica aryepiglottica терең қабаты арқылы 
өтіп, ожау-көмей қақпашығы бұлшықетіне, т. aryepiglotticus жалғасады. Қызметі: дауыс 
саңылауын және көмей кіреберісін aditus laryngis, тарылтады, көмей қақпашығын төмен 
қарай тартады. 
Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықеттер: 
▼1. Артқы жүзік-ожау тәрізді бүлшықеті, т. cricoarytenoideusposterior. Бұлшықет жүзік 
шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латералды және жоғары қарай 
таралады және шеміршектің бұлшықеттік өсіндісі, processus muscularis-пен байланысады. 
Қызметі: ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндінің жиырылуы, артқа және 
медиалды бұрылып, дауыстың жоғарылауы, дауыс өсіндісі , processus vocalis латералды 
бұрылғанда, дауыс саңылауын кеңейтеді. 
▼2. Қалқаншакөмей қақпашығы бұлшықеті, т. thyroepiglotticus, ол қалқанша-көмей 
қакпашығы байламының, lig thyroepiglotticum, бүйір жағында орналасқан. Бұлшықет 
қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, көмей қақпағының бүйірімен қосылады. 
Қызметі: көмей саңылауын кеңейту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет