2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Бүйректің фиксациялық аппараты



Pdf көрінісі
бет144/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

128.Бүйректің фиксациялық аппараты. 
Уникальность 92,46%
 
Бүйректердің өз орындарында бір қалыпты деңгейде орналасуының маңызы зор. Өйткені, 
бүйректер майлы қабықпен қоршалып бос жатады, сондықтан, бүйректер әлсіз бекіген 
ағзалар қатарына жатады. Нашар бекігендіктен қозғалмалы келеді, мұндай жағдайда 
бүйректің төмен түсіп кетуі байқалады. 
Бүйректің қалыпты бір деңгейде орналасуы мына факторларға байланысты: 
-Бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті(m. psaos major) мен белдің шаршы бұлшықеті 
(m. quadratus lumbarum) түзілген.
- бүйрек аяғына: бүйрек кантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары және бүйрек түбегі 
немесе несепағар;
- ішастар байламдарына; 
-іш қуысы, көкет, шаттың бқошықеттерінің жиырылуы нәтижесінде пайда болған 
құрсақтық қысымға, 
-бүйрек қабықтары, әсіресе бүйрек шандырына, 
-ішкі мүшелермен тығыз жанасып орналасуына байланысты. 
Бүйректің фиксациялық аппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5 см 
ауытқуы байқалады. 
129.Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі. 
Уникальность 100% 
Бүйрек паренхимасы негізгі екі қабатқа бөлінеді - сыртқы (қыртысты зат) және ішкі (милы 
зат).
Қыртысты зат
(cortex renalis)- бүйректің беткі қабатын құрайды. Ол милы заттың 
аралағына өтіп, бүйрек бағанасын(columnae renalis) түзеді. Қыртысты заттың 2 бөлігі 
ажыратылады:


1.Жарық бөлігі-Пішіні конустәрізді, ол бүйректің милы затынан қыртысты затқа 
сәулеленіп орналасқан, қыртысты заттың сәулелі бөлігін(pars radiata) құрайды.
2.Қою бөлігі-бүктелген бөлік(pars convulata) 
Милы зат(
medulla renalis)- бір-бірінен бүйрек бағаналары арқылы шектелген. Пішіні-
пирамида тәрізді,саны-10-15. Милы заттың негізі(basis pyramidis) және ұшынын бірігуінен 
пайда болған бүртігі(papillae renalis) ажыратылады. 
Бүйректің үлесшесі (lobulus renis), және сегменті (segmentum renis):
бүйрек үлесшесі (lobulus renis) немесе қыртыстық үлесше (lobulus corticalis) – қыртысты 
заттың бүктелген (pars convoluta) және сәулелі бөліктерінен (pars radiata) түзіледі;
-бүйрек үлесі (lobus renis) – пирамидамен (және оған сәйкес жатқан қыртысты затпен 
және қыртыстық үлесшемен (lobulus corticalis) түзілген; 
-бүйрек сегменті(segmentum renis)- бүйректің 2-3 үлестерінен түзіледі. Ол артериялардың 
тармақталу ерекшелігіне қарай орналасады: 
-жоғарғы сегмент(segmentum superiorius) 
-жоғарғы алдыңғы сегмент (segmentum superiorius anterius) 
-төменгі алдыңғы сегмент (segmentum inferius anterius) 
-төменгі сегмент (segmentum inferius) 
-артқы сегмент(segmentum posterius) 
Жалпы айтқанда, қыртысты заттың сәулелі бөлігі(pars radiata) мен бүктелген бөлігі (pars 
convulata) үлесшені, үлесше мен пирамида және қыртысты зат үлесті, 2-3 үлестер 
сегментті, ал сегмент бүйректі құрайды. 
Бүйректің құрылымдық-фунционалдық бірлігі- Нефрон(nephron) 
-Бүйрек түтішелері мен қан капиллярлар шумағы нефронның негізін түзеді. 
-Нефронның қызметі: біріншілік ( алғашқы ) несептің түзілуі және екіншілік ( ақырғы ) 
несептің түзілуі .Біріншілік несептің түзілуі бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі 
Шумлянский - Боумен капсуласында жүреді . Қанның құрамындағы заттектер қан 
капиллярларынан бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі шумақ капсуласының қуысына 
абсорбция және фильтрациялық жолдармен өтіп біріншілік ( алғашқы ) несеп түзіледі ( 
біріншілік несептің құрамы қан плазмасының құрамына ұқсас ) . Бүйрек түтікшелерінің 
қалған үлестерінің бойында , яғни бүйрек түтікшелеріндегі біріншілік несептен су және 
кейбір қоректік заттектер түтікшелерді сыртынан жатқан қан капиллярларына кері 
сіңіріледі,нәтижесінде екіншілік(ақырғы) несеп түзіледі. 
-Әр бүйректе 1млн-ға жуық нефрон болады, олардың жиынтығы бүйректің негізгі 
массасын құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет