2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Шәует қуықшалары, бульбоуретралді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке



Pdf көрінісі
бет157/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

142.Шәует қуықшалары, бульбоуретралді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке 
қатынасы. 
93,54%
 
Шәует қуықшасы, vesicula seminalis немесе glandula seminalis, кіші жамбас астауында, S3-
S4 деңгейінде орналасқан шәуеттің сұйық бөлігін өндіретін секреторлық жұп мүше. Оның 
пішіні ұзындау, жоғарғы бөлігі үшкір, беті кедір-бұдыр болып келеді. Шәует 
қуықшасының сұйықтығы –шәует шығаратын түтіктің ампуласынан ampula ductus 
deferentis шығатын сперматозоидтармен араласады. 
Шәует қуықшасының қызметі: сперматозоидтардың жинақталатын орны, ол тұтқыр, сары 
түсті сұйықтықты бөледі. Шәует қуықшасы сұйықтығы сперматозоидтардың қозғалысын 
қамтамасыз етеді.
Шәует қуықшасы иілген, оның ұзындығы шамамен 5 см, ал жазылған кезде ұзындығы 12 
см жетеді, ені 2 см, қалыңдығы 1 см құрайды. 
Шәует қуықшасының 2 беті: несепқуыққа қараған алдыңғы, және тік ішекте жатқан артқы 
беті ажыратылады.
Шәует қуықшасының алдында – несепқуық vesica urinaria орналасады, артқы жағы - тік 
ішекке rectum қараған, ал медиалді жағында - шәует шығаратын түтіктің ампуласы ampula 
ductus deferentis орналасады. 
Шәует қуықшасының үлестері:
1. Негізі basis –жоғарғы шеті; 
2. Денесі corpus- орталық бөлігі; 
3. Төменгі тарылған бөлімі - extremitas inferior.
Төменгі шет шығарушы түтікке ductus exterorius жалғасады, ол шәует жіберетін түтік 
ductus ejaculatoris түзеді. 


Шәует қуықшасының қабықтары: 
1. Сыртқы кабығы дәнекерлі кабық, tunica adventitia.
2. Ортаңғы бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, шәует қуықшасы қабырғасының көп 
бөлігін құрайды, 2 қабаттан тұрады: 
1) Циркулярлы қабат stratum circulare – ішкі 
2) Бойлық қабат stratum longitudinale - сыртқы 
3. Ішкі сілемейлі кабык, tunica mucosa, бойлық қатпарлар тұзеді, олар ұзына бойлық 
әртүрлі бағытта орналасқан 
Ішастарға қатынасы бойынша, шәует қуықшасы экстрапериотеналды орналасады, яғни 
тек жоғарғы бөлігін жабады.
Шәует қуықшасының астында және алдына таман қуықасты без prostatae орналасқан.
Буылтық-несеп шығаратын өзек немесе бульбоуретралді безі glandula bulbourethralis, 
басқаша атауы Куперов безі. Бульбоуретралді без бұршақ тәрізді, пішіні дөңгелектеу 
және сарғыш түсті ұяшықты-түтікті қос ағза. Диаметрі 0,3-0,8 см құрайды.
Бездер еркектің несеп шығаратын өзегінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде 
musculus transversus perinea prоfundus орналасқан. Бездер бір-бірінен 0,6 см-ге жуық 
арақашықтықта орналасады. 
Бульбоуретралді бездердің түтіктері ductus glandulae bulbourethralis жіңішке, ұзындығы 3-
4см, олар еркек жыныс ағзасының penis буылтығын тесіп, несеп шығаратын өзекке 
ашылады. 
Бульбоуретралді бездің қызметі: еркектің несеп шығаратын өзегінің қабырғасын несептің 
тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйық бөліп шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет