2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет169/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   199
 Беткей бұлшықеттері
Артқы өтістің сыртқы қысқышы (m. sphincter ani externus) талшықтары жиырылғанда 
артқы өтіс тесігін қысу қызметін атқарады.
Терең бұлшықетері: 1. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет-жұп бұлшықет (m. levator 
ani)тікішекте ілмек түрінде орналасқан.Кіші жамбас астауының бүйір қабырғасынан 
басталып,құйымшақ ұшында артқы – өтіс құйымшақ байламымен аяқталады.Бұл 
бұлшықет жиырылғанда жамбас түбі қатайып,көтеріледі,тікішек төменгі бөлігі 
қысылады.Әйелдерде қынап кіреберісін тарылтуға қатысады. 2. Құйымшақ бұлшықеті 
(m. coccygeus)-жұп бұлшықет, шонданай қылқанынан және сегізкөз –қылқан байламынан
басталып, құйымшақ латералды жиегі және сегізкөз ұшына бекіп орналасқан.Жамбас 
астау диафрагмасының артқы бөлігін қатайту қызметін атқарады.
Фасциялары: 
1. Шатаралықтың беткей фасциясы (fascia perinei superficialis) – тері астында орналасып, 
дененің жалпы беткей фасциясының жалғасы болып саналады.
2. Жамбас диафрагмасының төменгі фасциясы (fascia diaphragmatis pelvis inferior), 
(шатаралықтың меншікті фасциясы) – бөксенің үлкен бұлшықетінің меншікті 
фасциясының жалғасы және m. coccygeus пен m. levator ani-дың сыртқы бетін жауып, 
артқы өтістің сыртқы сфинктерінің сыртқы беткейіне өтіп, артқы өтісті қоршайтын 
шелмайда аяқталады. 3. Жамбас 
диафрагмасының жоғарғы фасциясы (fascia diaphradmatis pelvis superior) – құрсақ ішілік 
фасцияның жалғасы, жамбас астау фасциясының (fascia pelvis-тың) париеталді табағының 
бір бөлігі және m. levator ani-дың үстіңгі жамбас қуысыжақ бетін жауып жатады. 


153.Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
100%
Несеп – жыныс диафрагмасы (diaphragma urogenitalis) – несеп-жыныс аймағында 
орналасқан.
Беткей және терең бұлшықеттерден тұрады.
Беткей бұлшықеттері : Шатаралықтың беткей көлденең бұлшықеті (m. transversus perinei 
superficialis)- Теріасты шелмайдың терең қабатын орналасқан жұп 
бұлшықет.Шатаралықтың сіңірлі бөлігінің қатаюына қатысады. 
Буылтық-кеуек бұлшықеті(m. bulbospongiosus)- екі бөліктен тұратын жұп бұлшықет: 
1.Еркектердің буылтық кеуек бұлшықеті – еркек жыныс мүшесінің буылтығының жіктен 
басталып,penis дорсалды бетінің шандырына бекіп орналасқан.Қызметі:буылтық несеп 
шығаратын канал безін қысып,эрекцияға қатысады . 2.Әйелдердің буылтық кеуек 
бұлшықеті-қынап тесігінің аймағында орналасып,қынап қысқышын түзеді.Қызметі: қынап 
кіреберісін тарылтып,кіреберіс безін,буылтығын қысып басады. 
Шонданай-үңгір бұлшықеті (m. ischiocavernosus) –шонданай сүйегі төменгі бөлігінен 
басталып,ерлерде еркек жыныс мүшесінің түбіріне жанаса орналасқан жұп 
бұлшықет.Жиырылғанда penis қатаюын туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет