2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері



Pdf көрінісі
бет18/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

15.Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері. 
Уник 100
 
Аяқ басы (ossa pedis)-тілерсек сүйектері ossa tarsus ,табан сүйектері яғни бақай ossa 
metatarsus және бақайшақ сүйектерінен ossa digitorum phalanges тұрады. 
Тілерсек сүйектері жеті сүqектен тұралы, олар: өкше сүйегі( calcaneus) ,асық сүйегі 
talus,қайықша секілді сүйек (nаvicularе) , үш сына тәрізді сүйек (cuneiforma mediаle) , 
intermеdium еt lаterale , текше сүйек (cubоideum).Артқы және проксимальды қатар екі 
сүйектен-асық және оның астында жатқан өкше сүйектен тұрады.Алдыңғы немесе 
дистальді қатар ,медиальді және латеральді бөліктерден тұрады.Медиальді бөлімінде 
қайық тәрізді және үш сына сүйектен түзілген.Латералді бөлімінде текше сүйек 
орналасқан.Тірек қызметін өкше сүйегі атқарады .
Асықты сүйек os talus алдыңғы жағынан мойынға collum tali айналатын денеден corpus 
tali ,қайықша тәрізді сүйекпен facies articularis navicularis буындық беті буындасып 
басымен caput tali аяқталады.Асықты сүйек жоғары шетінен шығыршық trochlea tali
арқылы сирақ сүйектерімен ,қайықша тәрізі сүйекпен алдыңғы жағынан 
буындасады.Facies superior –асық жіліктің дисталді буындық бетімен буындасатын 
фронтальді бағытта орналасқан дөңес ойыс.Оның екі жағында facies malleolares medialis 
et lateralis тілерсекпен буындасатын жер .Сүйектің төменгі жағында өкше сүйекпен 
буындасуға арналған екі буындық беті алдыңғы артқы –facies articularis navicularis anterior 
et posterior.Олардың арасында терең жүлге sulcus tali орналасқан. 
Өкше сүйегі ,calcaneus ,медиалді жақта өкше сүйегінің өсіндісі , асықты сүйектің тірегі- 
sustentaculum tali болады.Бұл асық сүектің басын тіреп,ұстап тұрады.Өкше сүегінің 
алдыңғы бөліміндегі буын беттері артыңғы буын бетінен жүлге sulcus calcanei арқылы 
бөлінген .Өкше сүйегінің жүлгесімен асық сүйектің жүлгесі жанасып,латералді жағынан
ашылатын сүйекті қойнау – sinus tarsi түзеді.Осы сүйектің дисталді жағынан текше 
сүйегімен буындасатындықтан буындық бет –facies articularis cuboidea жатады.Артқы 
жағында бұдырлы төмпе tuber calcanei аяқталып,табанға қарай екі төмпешік түзеді –
processus lateralis және processus madialis tuberis calcanei . 


Қайықша тәрізді сүйек ,os naviculare ,асық сүйек басы мен үш сына тәрізді сүйек арасында 
орналасқан.Оның проксималды жағы асық сүйекпен буындасады.Дисталды беті үш сына 
тәрізді сүйекпен буындасуға арналған үш буындық бетке бөлінген.Медиалді жақта және 
төмен қарай бұдырлы төмпешік , tuberositas ossis navicullaris оңай сипап сезіледі.Латералді 
жағынан буын алаңы арқылы текше сүйекпен байланысады. 
3 Сына тәрізді сүйектің.Сүйектердің ішіндегі ең үлкені-ортаңғы сүйектер - cuneiforme 
mediale , сына тәрізді ортаңғы - cuneiforme laterale, ал кішілері- cuneiforme intermedia. 
Текше сүйек бүйір жағынан өкше сүйегі мен табан сүйектермен(төрт н/е бес) 
шектелген.Сүйектің табан жағында tuberοsitas οssis cuboidea орналасқан. 
Табан сүйектері ,metatarsus түтік тәрізді болып ,5 табан сүйектерінен тұрады.Просималды 
шетінде негізі ,basis, ортаңғы бөлігінде яғни диафиз денесі corpus, дисталды шетінде басы 
,caput, орналасқан.1,2,3 табан сүйектері сына тәрізді сүйекпен байланысса,4,5 табан 
сүйектері текше сүйекпен байланысқан. 1 табан сүйегінің табан жаққа бағытталған 
бұдыры tuberositas ossis metatarsalis болады.1табан сүйегі ең қысқа,жуан ,2 ші табан сүйегі 
ең ұзын болып келеді. 
Бақайшақ сүйектері оssa digitorum seu phalanges ,1-ші бақайшақ сүйегі проксималды 
phalanx proximalis және дисталды phalanx distalis екі бөліктен тұрса,қалған 2-5 бақайшақ 
сүйектері проксималды phalanx proximalis ,дисталды phalanx distalis ,аралық phalanx media 
3 бөліктен тұрады.Бақай сүйектері денесі corpus phalangis , проксималды эпифизнде негізі 
basis phalangis ,дисталды эпифизінде басы caput phalangis орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет