2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет19/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

16.Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері.
Уник: 91,10 
Ми сауытының сүйекері (cavitas сrаnі) - мидың сауытын немесе қорабын құрайды. Ми 
сауыты сүйектеріне: маңдай (оs frontale), төбе (оѕ раrіеtаlе), сына (os sphenoidale), самай 
(os temporale), шүйде (os occipitale) және торлы сүйектері (os ethmoidalis) жатады. 
Бас сүйектің бөліктері түрліше дамиды. Төбе бөлігінің дамуы екі кезеңге бөлінеді: 
1) Дәнекер тінді немесе жарғақты кезең. 
2) Сүйекті кезең. 
Бұл сүйектердің сүйектену процесі сүйектену нүктесінен басталып, сәулеленіп дәнкер 
тініне жалғасады. 
Ми сауыты негізінің сүйектері даму сатысында үш кезеңнен өтеді: 
1) Жарғақтық кезең. 
2) Шеміршекті кезең. 
3) Сүйекті кезең. 
Ми сауытының негізі сүйектері даму барысында шеміршек кезеңінен өтеді. Бұл негізінің 
берік және ауыр болуына әсерін тигізеді. Ми сауыты арқылы қантамырлар мен жүйке 
талшықтар және негіздегі бірнеше тесіктерді қорғау үшін, негізінің үлкен беріктігі қажет.


Бет сүйектерінің дамуы желбезек доғаларының қалдығынан және ұрығынан дамиды. 
Желбезек доғасының шеміршегінің қалған бөліктері балғашық, төс, үзеңгіге айналады. 
Бет сүйектері даму сатысында жарғақты және сүйекті кезеңдерден өтеді. 
Жас шамалық ерекшеліктер: 
1) Жас шамалық ерекшелікке бет сүйегі мен ми сауытының қарым-қатынасын алуға 
болады. Мысалы, нәрестелерде бұл қарым-қатынастық 1/8-ге тең, ал ересектерде ½-ге тең. 
Бұл қарым-қатынастың ерекшеліктері бас сүйегінің эмбриональдық дамуы мен одан 
кейінгі дамуына байланысты болып келеді. 
2) Жас шамалық ерекшелікке ұрық пен нәрестенлердің еңбектерін жатқызуға болады.
Жаңа туған нәрестенің бас сүйегінде алты еңбек бөледі: олардың екеуі жұптасып, екеуі 
жұпталмаған.
Жұпталмаған еңбектерге алдыңғы еңбек (fonticulus anterior) және артқы еңбек (fonticulus 
posterior) жатады. 
Жұптасқан еңбектерге сына тәрізді еңбек (fonticulus sphenoidalis) және еміздікше еңбек 
(fonticulus mastoideus) жатады.
1. Алдыңғы еңбек (fonticulus anterior), ромб тәрізді, көбінесе сагитталдық (sutura 
sagitialis), тәждік (sutura coronalis) және маңдай жіктер (sutura frontalis (metopica)) өтетін 
жерде орналасқан. Еңбек 2 жылға дейін сақталады және екінші жылдың соңында 
сүйектенеді.
2. Артқы еңбек (fonticulus posterior) үшбұрышты пішінді, сагиттальды жіктің (sutura 
sagitialis) ламбда тәрізді жікке (sutura lambdoidea) қосылатын жерде орналасқан. Ол 
өмірдің бірінші жылының басында сүйектенеді. 
3. Сынатәрізді еңбек (fonticulus sphenoidalis) жұпталған, бас сүйегінің бүйір беттерінің 
алдыңғы жағында, алдыңғы және үстіңгі жағынан маңдай (оs frontale) мен төбе сүйектер 
(оѕ раrіеtаlе) арасында және сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты (alae major os sphenoidale) 
мен астында самай сүйегінің (os temporale) қабыршақ бөлігі (pars squamosa) арасында 
жатыр. Бұл еңбек туылғаннан кейін көп ұзамай, кейде пренатальды кезеңнің соңында 
жабылады.
4. Емізікше еңбек (fonticulus mastoideus) алдыңғы еңбектің артында, шүйде (os occipitale) 
және төбе сүйектердің (оѕ раrіеtаlе) қабыршақтары мен самай сүйегінің емізікше өсіндінің 
(processus mastoideus) түйіскен жерде орналасқан. Сынатәрізді еңбек (fonticulus 
sphenoidalis) сияқты сүйектенеді.
Мембраналық бас сүйегінің (desmocranium) қалдықтары босану кезінде, бас сүйектерінің 
едәуір жылжуына мүмкіндік береді. Бұл бастың туу каналының тар жерлерінен өтуін 
жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет