2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ромбтәрізді ми қылтасы, оның құрамы



Pdf көрінісі
бет195/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

176.Ромбтәрізді ми қылтасы, оның құрамы. 
Уникальность: 100 %
 
РОМБТӘРІЗДІ МИ ҚЫЛТАСЫ АЙМАҒЫ 
Ромбтәрізді ми қылтасы, isthmus rhombencephali, мидың ең жіңішке бөлімі. Ми қылтасы 
ромбтәрізді мидың жоғарғы шетін көрсете отырып, оны ортаңғы мимен қосатын жері 
болып саналады. Мидың бұл бөлімі дамудың ішкі құрсак кезеңінде жақсы көрсетілген. 
Ересек жағдайда - көпірдің жоғарғы бөлімі түрінде болады.
Ми қылтасының құрамына кіреді:
-Мишыктың жоғарғы аяқшалары, pedunculi cerebellares superiores, қылтаның 
дорсолатералді қабырғасы бойымен жатады;
- Алдыңғы ми желкені, velum medullare anterius, қылтаның дорсалді қабырғасын түзеді: 
-Ілмек үшбұрышы, trigonum lemnisci, жұп кұрылым, олардың әрбіреуі жоғарғы 
аякшалардан латералді жатады.
Ми қылтасының вентралді бөлігі аймағында сұр заттектің жиынтығы орналасады. Бір 
жағынан мишықтың төменгі аяқшасы және төбешіктің төменгі төмпешіктері, баска 
жағынан ми аяқшасының арасында әлсіз айқындалған ілмек үшбүрышы, trigonum lemnisci, 
орналасады. Үшбүрышта латералді ілмекті (немесе есту ілмегі), lemniscus lateralis, түзетін 
талшықтар жатады. Олардың көпшілігі медиалді ілмекке, lemniscus medialis (немесе басты 
ілмек, lemniscus princeps), латералді жағымен жанасатын орталық есту өткізгіштерінен 
құрылған. Латералді ілмек ми тіні қалыңдығында өтіп, ілмек үшбұрышы аймағында 
үшбұрыш түзе, ми бетіне жақындайды. 
Ілмек үшбұрышының артқы медиалді шекарасын мишық бағытына жүретін мишықтын 
жоғарғы аяқшалары, pedunculus cerebellaris superior, құрайды. Pedunculus cerebellaris 
superior- ден латералді және pedunculus cerebellaris medius, арасындағы жүлгеде көпірдің 
латералді жіпшелерінің, fila lateralia pontis, кішкене будалары орналасады.
Төбешіктің төменгі төмпешіктерінің арасындағы жүлгеден жоғарғы ми желкенінің 
жүгеншігі, frenulum veli medullaris superioris, басталып, артынан жоғарғы ми желкеніне, 
velum medullaris superioris, жалғасады.


Жоғарғы ми желкені алдынан ортаңғы ми төбесінің, tectum mesencephali, төменгі 
томпешіктерімен, артынан мишық құртының алдыңғы бөлігінің ақ затымен, латералді - 
мишықтың жоғарғы аяқшаларымен байланысады. Оның: 
-ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі дорсалді, жоғарғы беті мишық тілшігі қатпарларымен 
жабылған, -ал төртінші карынша, ventriculus quartus, куысына қараған вентралді, төменгі 
беті осы карынша куысы төбесінің алдыңғы - жоғарғы бөлімдерін кұрайды.
Жоғарғы ми желкенінде, олар желкен қалындығында шығыршық нервтер түбіршіктеріне, 
nn. trochlearis, шығыршық нервтер қиылысын, decussatio nervorum trohlearium, nn. 
trochlearis, жэне алдыңғы жұлын-мишык жолына, tractus spinocerebellares ventralis, 
будаларына жататын қиылыскан талшықтар өтеді. Frenulum veli medullaris superiorisтен 
латералді, жоғарғы ми желкенін тесіп отіп, оның бетіне шығыршық нервтің нәзік сабауы 
шығады, ол ілмек үшбұрышының артқы жиегі мен желкеннің алдыңғы жиегі шекарасында 
көрінеді. Ми нервтерінің ішіндегі осы нерв қана мидың дорсалді бетінен шығатын, 
калғандарының барлығы мидың вентралді бетінде шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет