2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет27/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

4. Беттік өсінді
(processus zygomaticus) үшбұрышты және кедір-бұдырлы болып келеді. 
Бұл дененің сыртқы бұрышынан шығып, бетсүйек пен жоғарғы жақ-бетсүйектік жік 
(sutura zygomaticomaxillaris) арқылы байланысқан.
21. Төменгі жақсүйек, құрылысы 
Уникальность: 97%.
Төменгі жақсүйегі, os mandibulae, бетсүйектер тобының ішіндегі ең ірі көрнекті тақ сүйек 
болып саналады.Топографиялық орналасуына қарай ,денесінен, өсінділерінен және 
денесінің артқы қапталынан жоғары қарай бағытталған бұтақтарынан тұрады. 1. Төменгі 
жақтың денесі, corpus mandibulae, ол құрсақтық даму кезінен бір жасқа дейінгі аралықта, 
ортаңғы сызықшаның бойында орналасқан екі жақ бөлігінің иектік шеміршек, 
symphisismentalis, арқылы бірігу нәтижесінде пайда болған. Денесінің сыртқы беті 
дөңестеу, артқы беті иіліп орналасқан. Сонымен қатар, денесінің негізі немесе табаны, 
basis mandibulae, және альвеолярлық бөлігі, pars alveolaris, ажыратылады. Төменгі 
жақсүйегі денесінің сыртқы бетінің ортаңғы бөлігінде иектік шығыңқы, protuberantia 
mentalis, латеральдық қапталында иектіктесік, foramen mentale, айқын байқалады. 
Иектіктесік, ол төменгі ж ақсүйегі өзегінің, canalis mandibulae, сыртқы тесігі болып 
саналады. Бұл өзек пен тесікшелер арқылы төменгі жақ-сүйегі тістерінің қантамырлары 
мен нервтері өтеді. Иектіктесіктің артқы қапталынан артқа қарай қиғаш сызық, linea 


оЫідиа, айқын байқалады. Ол бұл сүйектің тәждік өсіндісінің қиғаш сызықшасының 
тікелей жалғасы болып саналады. Денесінің артқы беті иіліп орналасқан. Артқы бетінің 
ортаңғы бөлігінде дара, кейбір кезде айырылып орналасқан иектік қылқан, spina mentalis, 
орналасқан. Ол иек-тіластылық және иек-тіл бұлшықеттердің басталар жері болып 
саналады. Иектік қылқаннан төменірек екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы 
қарыншасының шұңқыршасы, fossa digastrica, орналасқан. Сонымен бірге, артқы 
бетініңлатеральдық қапталынан екі жағындағы бұтағына қарай бағытталған төменгі жақ-
тіласты бұлшықеттің сызықшасы, line a mylohyoidea, өтеді. Бұл сызықшадан жоғарырақ, 
тіласты безінің батыңқысы немесе шұңқыршасы, fossa sublingualis, тәменірек жақасты 
сілекей безінің шұңқыршасы, fossasubmandibularis, орналасқан. Төменгі ж ақсүйегін ің 
жоғарғы жиегі тістердің альвеолярлық доғасын, arcus alveolaris, құрайды. Альвеолярлық 
доғаның жоғарғы бетінде тістердің түбірлерінің альвеолярлық ұяшықтары, alveoli dentalis, 
аралығында альвеолярлық ұяшықтарды бөліп тұрушы аралық табақшалар, septa 
interalveolaris, орналасқан. Альвеолярлық ұяшықтарының алдыңғы бетінде альвеолярлық 
көтеріңкі, /ида alveolaria, және иектіктөмпешік айқын көрінеді. 2. Төменгі ж ақсүйегін ің 
бұтағы, ramus mandibulae, денесім ен тік бұрыш, angulus mandibulae, құрап, вертикалді 
бағыттасырт-қа қарай қиғаш бағытта орналасқан. Бұл сүйектің бұрышының сыртқы 
бетінде меншікті шайнау бұлшық етінің бекитін бұдыры, tuberositasmasseterica, ішкі 
қапталында медиалді қанат тәрізді бұлшықеттің бекитін бұдыры, tuberositaspterygoidea, 
айқын байкалады. Төменгі жақсүйегі бұтағының ішкі бетінің орталық бөлігінде төменгі 
жақсүйегінің тесігі, foramen mandibulae, орналасқан. Ол төменгі жақсүйегінің терең 
қабатында орналасқан гәменгі жақтық өзекшенің, canalis mandibulae, кіреберіс тесігі 
болып саналады. Бұл тесіктің алдыңғы бетінде және төменірек тілге ұқсап орналасқан 
көтеріңкісі, lingula mandibulae, орналасқан. Төменгі жақтық өзекше бұл сүйектің терең 
қабаты арқылы томен және алға қарай өтіп, бұлсүйектениектіктесікарқылы, foramen 
mentale, сыртқа қарай бағытталған. Бұл озекшенің бойында томенгі жақс үйегі тістерін 
және сүйекті ткандарды қанмен қамтамасыз етуші қантамырлар мен нервтер өтеді. 3. 
Төменгі жақсүйегінің бұтағының ұшы, төменгі жақтық тілік, incisura mandibulae, арқылы 
алдыңғы тәждік, артқы буындық немесе айдаршықтық осіндіге бөлінеді. а) Тәждік өсінді, 
processus coronoideus, бұл өсіндінің сүйірденіп орналасқан ұшы және негізі ажыратылады. 
Негізінің жоғарғы қапталынан жоғарғы ж ақсүйегін ің соңғы азу тістерінің түбіріне төмен 
қарай бағытталған ұрт бұлшықетінің қырқасы, crista buccinatoria, сыртқы қапталында 
қиғаш сызықша, Ііпеа oblique, орналасқан. Ұштарының ішкі қапталында, самай 
бұлшықетінің бекитін бұдырлары айқын байқалады. ә) А ртқы буынды ғана емес 
айдаршықты өсіндінің, processus condylaris, буындық басы, caput m andibulae, мойыны, 
collum mandibulae,ажыратылады. Буындық басының жоғарғы бетінде самай-төменгі жақ 
буынының буын бетін құраушы буын беті, алдында латералды қанаттәрізді бұлшықеттің 
шұңқыршасы, foveapterygoidea, айқын орналасқан. Ол, латералды қанат тәрізді 
бұлшықеттің бекитін орны болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет