2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары



Pdf көрінісі
бет33/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

27.Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары. 
Қанат-таңдай шұңқыры-fossa pterygopalatina.Оның бірнеше қабырғалары бар: 
1.алдыңғы қабырғасы 
2.артқы қабырғасы 
3.медиалды қабырғасы 
Қанат-таңдай шұңқыры бассүйектің әртүрлі құрылымдарымен бірнеше қатынастары 
бар.Және бұл тесіктердің кейбірі көрші сүйектің бір бірімен қосылған кезінде ғана 
қалыптасатындықтан жеке сүйекте олар байқалмайды.Осындай түзілістерге 
жататындар:сына-таңдай тесік-foramen sphenopalatinus,үлкен таңдайлық өзек-canalis 
palatinus,төменгі көзұялық саңылау-fissura orbitalis inferior. 
Қанат-таңдай шұңқырдың алдыңғы қабырғасы-paries anterior, және осы қабырғаны түзетін 
сүйектік құрылым-жоғарғы жақсүйек төмпесі tuber maxillae болып табылады. 
Артқы қабырғасы-paries posterior, осы қабырғаны түзетін сүйектік құрылым-сынатәрізді 
сүйектің қанаттәрізді өсіндісі processus pterygoideus ossis sphenoidalis болып табылады. 
Медиалды қабырғаның латынша атауы- paries medialis,және осы қабырғаны түзетін 
сүйектік құрылым-таңдай сүйектің перпендикулярлы табақшасы lamina perpendicularis 
ossis palatini болып саналады. 
Қанат-таңдай шұңқырының тесіктері: 
1.Дөңгелек тесік-foramen rotundum,осы тесікті түзетін сүйектік құрылым-ортаңғы 
бассүйек шұңқыры fossa crania media болып табылады. 
2.Төменгі көзұялық саңылау-fissura orbitalis,осы саңылауды түзетін сүйектік құрылым-
көзұя orbita. 
3.Қанаттәрізді өзек-canalis pterygoideus, осы өзекті түзетін сүйектік құрылым-сыртқы 
бассүйектің негізі basis crania externa. 
4.Сынатәрізді-қанат тесігі-foramen sphenopalatinum, осы тесікті түзетін сүйектік құрылым-
мұрын қуысы cavitas nasi. 
5.Үлкен таңдай өзегі-canalis palatinus major, осы өзекті түзетін сүйектік құрылым-ауыз 
қуысы cavitas oris. 
6.Қанат-жоғарғы жақсүйектік саңылау-fissura pterygomaxillaris, осы саңылауды түзетін 
сүйектік құрылым-самайасты шұңқыр fossa infratemporalis болып табылады. 
Қанат-таңдай шұңқырының өзара қатынастары: 


1.Ауыз қуысы мен-таңдай сүйегінің горизонталды табақшасының үлкен өзегі,canalis 
palatinus major,арқылы. 
2.Көұясымен көзұясының төменгі саңылауы,fissure infraorbitalis, арқылы. 
3.Мұрын қуысымен-сына таңдайлық тесік,foramen sphenopalatinum,арқылы. 
4.Ми сауытының ортаңғы шұңқырымен -дөңгелек тесік, foramen rotundum арқылы. 
5.Қанатты өсіндінің өзегі- canalis pterygoideus,арқылы ми сауытының сыртқы негізімен 
байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет