2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет32/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

Денесінің беттері: 
Aлдынғы бетінде:
сына тәрізді қырқа (crista sphenoidalis), жанында сына тәрізді қойнау 
тесігі(aperture sinus sphenoidalis), содан соң қырқаның алдында торлы сүйектің 
перпендикулярлы табақшасы жатады. 
Лaтеpальді беті:
әр жағынан ұйқы артерияның жүлгесі(sulcus caroticus) болады. 
Жоғарғы беті:
түрік ертоқымын (sella turcica)түзеді, оның түбінде гипофиз 
шұңқыры(fossa hypophysialis) орналасқан. 
Қанат тәрізді өсіндісі(processus pterygoideus) жұп құрылым, латеральді және медиальді 
табақшадан (lamina lateralis et medialis) тұрады.
Tесіктері:
үлкен қанатта 3 жұп тесіктер орналасады. 
1.Дөңгелек тесік (foramen rotundum) үшкіл жүйкенің екіншілік тармағы өтеді; 
2.Coпақша тесік (foramen ovale) үшкіл жүйкенің үшіншілік тармағы өтеді; 
3.Қылқанды тесік (foramen spinosum) ортанғы менингеальді артерия өтеді. 
26.Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
 
Жалпы бассүйектің бет сүйектері – көзұяны және мұрын қуысын,ауыз қуысын,самайасты 
және қанат-таңдай шұңқырларын түзуге қатысады.Бас сүйектің бет бөлігінің алдыңғы 
жағында көзұяның,мұрын және ауыз қуысының қатынастары,ал бүйір жағында қанат-
таңдай,самай асты шұңқырлары қарастырылады. 
Көзұя, латыншы атауы- orbita – оның пішіні төрт жиекті пирамида тәріздес болып келетін 
жұп қуыс болып табылады. Сол пирамиданың негізі алға бағытталып орналасады және 
көзұя кірісін- aditus orbitaea-ны құрайды.Ал пирамиданың ұшы көру өзегі canalis opticus -
ке жалғасады.Көзұяда көз алмасы және көзұяның қосалқы аппараты болады. 


Көзұя кірісі-мұрын бөлігімен,маңдай сүйектің жоғарғы көзұялық жиегімен және бет 
өсіндісімен,pars nasalis margo supraorbitalis et processus zygomaticus ossis frontalis-пен
шектелген.Сонымен қатар,бет сүйегімен oz zygomaticum-пен де шектеседі. 
Жоғарғы жақсүйектің көзұяасты жиегімен және маңдай өсіндісімен margo infraorbitalis et 
processus frontalis maxillae шектеседі. 
Көзұяның негізі 4 қабырғасы ажыратылады,жоғарғы,латералды,төменгі, медиалды. 
1.Жоғарғы қабырғасы-paries superior деп аталынады.Ол қысыңқы келген және 
горизонталды бағытта жатады.Осы қабырғаны құрайтын сүйек құрылымдарына-маңдай 
сүйектің көзұялық бөлігі pars orbitalis ossis frontalis және сынатәрізді сүйектің кіші қанаты 
ala minor ossis sphenoidalis жатады.Осы жоғарғы қабырғасының латералды бөлімінде 
көзжасы безінің шұңқыры fossa glandula lacrimalis орналасқан.Ал медиалды бөлімінде 
маңдайлық тіліктің маңайында шығыршықтық шұңқыр fovea trochlearis бар. 
2.Латералды қабырғасы-paries lateralis деп аталады.Осы қабырғаны құрайтын сүйек 
құрылымдарына-сынатәрізді сүйек үлкен қанатының көзұялық беті-facies orbitalis alae 
majoris ossis sphenoidalis,маңдай сүйек бет өсіндісінің көзұялық беті-facies orbitalis 
processus zygomaticus ossis frontalis,бет сүйектің көзұялық беті-facies orbitalis ossis 
zygomatici құрайды.Бұл латералды қабырғасы қиғаштау орналасқан.Және көзұяның 
латералды және жоғарғы қабырғасының арасында - көзұяның жоғарғы саңылауы fissura 
orbitalis superior бар.Көзұяның латералды қабырғасында бет сүйек-көзұялық тесік foramen 
zygomaticoorbitale орналасады. 
3.Төменгі қабырғасы-paries inferior деп аталынады.Осы қабырғаны құрайтын сүйек 
құрылымдарына мыналар жатады: 
1.жоғарғы жақсүйектің көзұялық беті facies orbitalis maxillae. 
2.бет сүйектің көзұялық беті facies orbitalis ossis zygomatici. 
3.таңдай сүйектің көзұялық беті processus orbitalis ossis palatini. 
4.Медиалды қабырға-paries medialis.Көзұяның медиалды қабырғаларын мына сүйек 
құрылымдары құрайды.Олар:жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісі processus frontalis 
maxillae,маңдай сүйектің мұрын және көзұялық бөліктері pars nasalis et pars orbitalis ossis 
frontalis,көзжас сүйегі os lacrimale,торлы лабиринттің көзұялық табақшасы lamina orbitalis 
labyrinthus ethmoidalis,сынатәрізді сүйек денесі cjrpus ossis sphenoidalis. 
Көзұяның бірнеше қатынастары жеке сүйектердің бірімен бірі қосылуынан пайда 
болады.Мысалға:жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісінің көзжасы сүйегімен 
қосылысынан,мұрын-көзжас өзегі canalis naso-lacrimalis,жоғарғы жақсүйек пен 
сынатәрізді сүйектің үлкен қанатынан төменгі көзұялық саңылауы fissure orbitalis inferior. 
Маңдай және торлы сүйектің қосылыстарынан алдыңғы,артқы торлы тесіктер foramen 
ethmoidale anterius et foramen ethmoidale posterius қалыптасады. 
Көзұя тесіктері:көру өзегі -canalis opticus,көзұяүстілік тесік немесe тілік - foramen 
supraorbitale incisura supraorbitalis,мұрын-көзжас өзегі canalis naso-lacrimalis,алдыңғы 
торлы тесік foramen ethmoidale anterius ,артқы торлы тесік foramen ethmoidale 
posterius,төменгі көзұялық саңылау-fissura orbitalis inferior,жоғарғы көзұялық саңылау 
fissura orbitalis superior,көзұяасты өзек canalis infraorbitalis,бет-көзұялық тесік foramen 
zygomaticoorbitale. 


Осы тесіктердің маңызы-көзұя қатынастарындағы түзілістермен тікелей 
байланысты.Себебі бұл көзұя тесіктері арқылы артериялар,веналар және әртүрлі нервтер 
өтеді,байланысады.Мысалға,көру өзегінде көру нерві,көзұяүстілік нервтер бар.Ал бет-
көзұялық тесікте бет-көзұялық нервтер және бет-көзұялық артериялар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет