2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Бұлшықеттердің жалпы анатомиясы,бұлшықеттердің пішіні,құрылысы бойынша



Pdf көрінісі
бет57/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   199
50.Бұлшықеттердің жалпы анатомиясы,бұлшықеттердің пішіні,құрылысы бойынша 
жіктелуі.
 
Бұлшықеттер,musculus, құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты көлденең 
жолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттерге бөлінеді. 
Көлденең бұлшықеттерге(ерікті): қаңқа бұлшықеттері (бас, мойын, тұлға, қол, аяқ) және 
жұтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың, көмекейдің бұлшықеттері жатады. 
Бірыңғай салалы бұлшықеттерге(еріксіз):ішкі мүшелер қабырғаларның құрамындағы 
еттер мен қантамырлардың, без өзекшелерінің көз алмасының нұрлы қабықпен кірпікті 
дене еттері және тері құрамындағы еттер жатады. 
Бұлшықеттердің жіктелуі.Бұлшықеттердің жалпы 400-ге жуық әртүрлі түрі болады, 
сондай-ақ олардың пішіні, құрылысы, атқаратын қызметі де әртүрлі болады. 
1. Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі. 
Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-
аяқтарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, 
venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті - басы,ал екіншісі шеті - 
құйрық,cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі -tendo, жіңішке таспа тәрізді 
болып келеді. 
Ұзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен (көпбасты) басталады, бұл олардың 
тірегін күшейтеді. 
a) Екібасты, biceps; b)үшбасты, triceps; c) төртбасты ,quardriceps, бұлшықеттер болады. 
Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның жалпақ сіңір немесе 
апоневроз aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады. 


Бұлшықеттердің:шаршы (m. Quadratus), үшбұрышты ( m.trangularis), пирамидалық 
(m.piramidalis), дөңгелек (жұмыр) (m.teres), дельта тәрізді (m.deltoideus), тісті (m.serratus), 
қамбалатәрізді (m. soleus) және т.б. пішіндері болады. 
2. Бұлшықеттер қызметі жағынан
бүккішер (flexores),жазғыштар (extensores), 
әкелушілер (adductores), әкетушілер (abductores), айналдырушылар (rotatores), ішке 
(pronatores) және сыртқа қарай айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет