2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі. Тақым шұңқыры, шекаралары



Pdf көрінісі
бет86/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   199
79.Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі. Тақым шұңқыры, шекаралары, 
құрамы.
 
Сирақ бұлшықеттері, т. crurales орналасуына қарай алдыңғы, артқы және латеральді топ 
бұлшықеттері болып 3-ке бөлінеді.
Алдыңғы топ бұлшықеттеріне бас бармақты жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr hаlucis 
longus, башпайды жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr dіgіtоrum, және алдыңғы асықты 
жілік бұлшықеті m.tibialis anterior жатады.
Алдыңғы асықты жілік бұлшықеті сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасыннан және 
асықты жіліктің латеральді айдаршығы мен денесінен баталады да, медиальді сынатәрізді 
сүйек пен бас бармаққа барып бекінеді. Табанды бүгу және супинациялау функцияларын 
атқарады. Башпайды жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr dіgіtоrum сирақ сүйектерінің 
сүйекаралық мембранасынан, кішіжіліншік денесінен, асықты жіліктің латеральді 
айдаршығынан басталады да, сирақ-асықты буынының аймағында төрт сіңіршелерге 
бөлінеді де II-V бапшайлардың дистальді, ортаңғы фалангаларына бекінеді. II-V 
башпайлар мен табанды жазу функциясын атқарады. Бас бармақты жазатын ұзын 
бұлшықет m.еxtеnѕоr hаlucis longus сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасынан, 


кішіжіліншіктің алдыңғы бетінен басталады да, бас бармақтың дистальді фалангасына 
бекінеді. Бас бармақты жазу функциясын атқарады. 
Латеральді топ бұлшықеттерге кішіжіліншіктің ұзын және қысқа бұлшықеттері жатады. 
Кішіжіліншіктің ұзын бұлшықеті m.peroneus longus кішіжіліншіктің басы мен денесінің 
латеральді бетінен және асықты жіліктің латеральді айдаршығынан басталады да, I-II 
табан сүйектерінің негізіне бекінеді. Табанды бүгу қызметін атқарады. Кішіжіліншіктің 
қысқа бұлшықеті m.peroneus brevis кішіжіліншіктің латеральді бетінен басталады да, V 
табан сүйектеріне бекінеді. Бұл бұлшықет те табанды бүгу қызметін атқарады.
Артқы топ бұлшықеттері терең және беткей екі қабатты құрайды. Беткей қабатты сирақ 
сүйектерінің үш басты, табан бұлшықетінен, ал терең қабатты артқы асықты жілік, 
башпайларды және бас бармақты бүгетін ұзын, тақым бұлшықеттерінен тұрады. Сирақ 
сүйектерінің үш басты бұлшықеті m.triceps surae камбалатәрізді m.soleus, латеральді және 
медиальді басы бар балтыр бұлшықетінен m.gastrocnemius тұрады. Камбалатәрізді 
бұлшықет асықты жіліктің камбалатәрізді бұлшықетке арналған сызығынан және 
кішіжіліншіктің басынан басталады. Балтыр бұлшықетінің латеральді басы асықты 
жіліктің латералді айдаршығынан басталады. Ал медиальді басы медиальді 
айдаршығынан басталады да, сирақтың орталық бөлігінде жалпақ сіңірге ұласады, ол 
камбалатәрізді бұлшықеттің сіңірімен қосылып ахил сіңірін құрайды да, өкшенің 
бұдырына барып бекінеді. Табан мен сирақты бүгу қызметін атқарады. Табан бұлшықеті 
m.plantaris тұрақты емес, ортан жіліктің лартеральді айдаршықүстінен басталады да, ахил 
сіңірімен бірге өкшенің бұдырына бекиді. Табан пен сирақтың бүгілуіне қатысады. 
Башпайларды бүгетін ұзын бұлшықет m.flexor digitorum longus асықты жіліктің артқы 
жағынан, камбалатәрізді бұлшықет сызығының төменгі жағынан басталады да, сіңірі 
табанға өтетін жерде төрт сіңіршелерге бөлініп, II-V башпайлардың дистальді 
фалангасына барып бекінеді. Табан мен II-V башпайларды бүгу функциясын 
атқарады.Тақым бұлшықеті m.popliteus ортан жіліктің латеральді айдаршығынан 
басталады да, асықты жіліктегеі камбалатәрізді бұлшықетке арналған сызықтың үстіне 
бекінеді. Сирақты бүгу функциясын атқарады. Бас бармақты бүгетін ұзын бұлшықет 
m.flexor hallucis longus сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасы мен кішіжіліншіктің 
атқы бетінен басталады да, бас бармақтың дистальді фалангасына бекінеді. Бас бармақты 
бүгу функциясын атқарады. Артқы асықты жілік бұлшықеті m.tibialis posterior сирақты 
сүйектердің сүйекаралық мембранасынан және денелерінің артқы бетінен басталады да, 
қайық тәрізді сүйекке бекиді. Табанның пландациялық бүгілуін жүзеге асырады.
Тақым шұңқыры тізе аймағының артқы аймағында орналасқан. Тақым шұңқырының fossa 
poplitea жоғарғы медиальді қабырғасы жартылай сіңірлі және жартылай мембраналы 
бұлшықеттердің сіңірімен, жоғарғы латеральді қабырғасы санның екі басты бұлшықетінің 
сіңірімен, төменгі қабырғасы балтыр бұлшықетінің латеральді және медиальді 
бастарымен шектесіп жатады. Тақым шұңқырының ортаңғы сызығының бойында беткей 
тақым нерві n.tibialis, ал терең жағында a.poplitea мен v.poplitea орналасқан. Шұңқырдың 
түбінде тақым бұлшықеті мен фасциясы орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет