2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Санның бұлшық еттері, олардың қызметтері



Pdf көрінісі
бет82/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

74.Санның бұлшық еттері, олардың қызметтері. 
Сан бұлшықеттері алдыңғы (санды бүгетін және сирақты жазатын) артқы (санды жазатын 
және сирақты бүгетін)және медиальды (санды әкелетін) топтарға бөлінеді.Бұл 
бұлшықеттер статикалық динамикалық қызметтер атқарады.Топографиялық орналасуы 
бойынша алдыңғы топқа musculus sartorius тігінші бұлшықеті, musculus quadriceps femoris 
санның төртбасты бұлшықеті ,медиальды топқа musculus gracilis санның нәзік бұлшықеті, 
musculus pectineus қырқалы бұлшықет, musculus adductor longus санның ұзын әкелетін 
бұлшықеті, musculus adductor brevis санның қысқа әкелетін бұлшықеті, musculus adductor 
magnus санның үлкен әкелетін бұлшықеті, артқы топқа musculus semitendinosus жартылай 
сіңірлі бұлшықеті, musculus semimembranosus жартылай жарғақты бұлшықеті, musculus 
biceps femoris санның екібасты бұлшықеті жатады.Санның алдыңғы топ бұлшықеті тігінші 
бұлшықеті musculus tensor fascia latae бірге spina Iliaca anterior superior басталып
tuberositas tibiae бекиді және жартылай fascia cruris жалғасады.Тігінші бұлшықеттің 
бекінер жерінде musculus gracilis және musculus semitendinosus сіңірлерімен бітісіп, беткей 
қаз аяқшасын pen anserinus superficialis түзеді.Функциясы-сан мен сирақты бүгеді, аяқты 
ішке айналдырады.Санның төртбасты бұлшықеті төрт басы болады, санның дистальді 
ұшында барлық төрт басы қослып, жалпы сіңір түзеді. Тізе тобығын қоршап, оның ұшына 
және бүйір жиектеріне бекиді.Тізе тобығынан төмен сіңір тобық байламына жалғасып, 
tuberositas tibiae бекиді.Бұл бұлшықеттің біреуі дербес-тік бұлшықеті musculus rectus 
femoris spina iliaca anterior inferior және acetabulum жоғарғы жиегінен басталып,basis 
patellae-дан жоғарырақ жалпақ сіңірге өтіп, тізе тобығының жоғарғы жиегіне 
бекиді.Қалған үш жалпақ бұлшықет бір-бірімен тығыз байланысып, артан жіліктің жан-
жағына бекінеді.Санның жалпақ латеральды бұлшықеті musculus vastus lateralis беткей 
орналасып, тек musculus tensor fasciae latae tractus iliotibialis-пен жабылған.Ол labium 
laterale lineae asperae, trochanter major негізінен және septum intermusculare femoris laterale 
басталып, медиальды және төмен жүреді, musculus vastus intermedius-ке қосылып, 
тобықтың жоғарғы және латеральды жиектеріне бекиді.Санның жалпақ аралық бұлшықеті 
musculus vastus intermedius musculus rectus femoris және ортан жілік арасында жатады. 
Бұлшықет ортан жіліктің алдыңғы бетінен басталып, linea intertrochanterica-ға жетеді, 
тобықтың жоғарғы бөліміне өріліп, тізенің буындық бұлшықетін құрайды. Санның жалпақ 
медиальды бұлшықеті musculus vastus medialis ортан жіліктің алдыңғы және медиальды 
аймақтарында жатып, тігінші бұлшықетімен жабылған,ол labium mediale lineae asperae 
және septum intermuscularis femoris mediale басталып, төмен және латеральды бағытта 
тобықтың жоғары және медиальды жиектеріне бекиді.Функциясы-тізе буынында сирақты 
жазады,санды бүгеді-санның тік бұлшықеті.Санның артық топ бұлшықетіне tuber 
ischiadicum басталатын үш ұзын бұлшықет жатады, олар төменге қарай ажырап, тақым 
шұңқырын жоғарыдан шектейді. Санның екібасты бұлшықеті musculus biceps femoris 
қысқа, ұзын бастары бар. Ұзын басы caput longum musculus semitendinosus және musculus 
semimembranosus-пен бірге tuber ischiadicum басталады.Қысқа басы caput brevis labium 
laterale leneae asperae septum intermuscularis femoris laterale басталады. Бұлшықеттің жалпы 
сіңірі caput fibulae-ге және кейбір сіңірлі талшықтары fascia cruris-ке бекиді.Функциясы-
тізе буынында сирақты бүгеді және санды жазады.Жартылай сіңірлі бұлшықет caput 
longum musculus bicepitis femoralis бірге tuber ischiadicum басталады. Бұлшықет musculus 


semimembranosus артымен төмен түсіп, санның екібасты бұлшықетімен біртіндеп бөлініп 
tuberositas tibiae бекиді.Қаз аяғын түзуге қатысады. Функциясы-санды жазу, сирақты 
бүгу.Жартылай жарғақты бұлшықет tuber ischiadicum табақшалы сіңірмен 
басталады.Бұлшықет қарыншасы сіңірге жалғасып, үш будаға бөлінеді ол да қаз аяғын 
құрайды.Функциясы-санды жазады, сирақты бүгеді және ішке айналдырады.Санның 
медиальді бұлшықеттері санның нәзік бұлшықеті ұзын және жалпақ бұлшықет, ramus 
inferior ossis pubis-тен басталып, musculus Sartorius және musculus semitendinosus сіңірлері 
арасында tuberositas tibiae бекіп, қаз аяғын құрайды.Функциясы-санды әкеледі, сирақты 
бүгеді, тізе буынын бүккенде сирақты ішке айналдырады. Қырқалы бұлшықет musculus 
iliopsoas пен musculus adductor longus арасында жатыр.Бұлшықет pectin ossis pubis 
басталып, төмен және латеральды жүріп, labium mediale linaelae asperae 
бекиді.Функциясы-санды бүгеді және әкеледі. Санның ұзын әкелетін бұлшықеті musculus 
pectineus және musculus gracilis арасында орналасып, санның қысқа әкелетін бұлшықетін 
және үлкен әкелетін бұлшықеттің будаларын жабады.Ол ramus superior ossis pubis 
басталып, labium mediale linealea asperae-ның ортаңғы ұшына бекиді. Функциясы-санды 
әкеледі.Санның қысқа әкелетін бұлшықеті musculus pectineus және musculus adductor 
longus және musculus adductor magnus арасында орналасады. Ол musculus adductor longus 
басталған жерінен латералды ramus superior ossis pubis-тен басталып, labium mediale 
linealea asperae жоғарғы ұшына бекиді.Функциясы-санды әкеледі және бүгеді.Санның 
үлкен әкелетін бұлшықеті әкелетін бұлшықеттердің ішіндегі ең көлемді және санның 
медиальды бетіне жатады. Ол tuber ischiadicum ramus ossis ischiі және жартысынан ramus 
inferior ossis pubis-тан басталады.Будалары вертикалбды ажырап, labium mediale linealea 
asperae және epicondylus medialis femoris бекиді. Бұлшықет сіңірі epicondylus medialis 
femoris бекіген жерінде доға түзеді. Ол әкелетін өзектің шығар тесігін-сіңірлі немесе 
әкелетін саңылауды шектейді. Функциясы-санды әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет