2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы, әрбір бөлімнің қызметтері



Pdf көрінісі
бет92/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   199
83.Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы, әрбір бөлімнің қызметтері 
Адам организмінің негізі дұрыс калануы ол аталық және аналык жыныс клеткаларының 
бірігуі, нәрестенің дамуы, бала туылғаннан кейін оның калыпты өсуі және барлык 
ағзалардың бір қалыпты жұмыс атқаруы коректік заттардың организмде жеткілікті 
болуына байланысты. Өзіміз білетіндей қоректік заттарға майлар , көмірсулар, нәруыздар, 
сулар , тұздар , витаминдер , гормондар , микроэлементтер жатады. Қоректік заттар 
тамакпен организмге дайын күйінде түспейді . Яғни олар тағамды механикалық және 
химиялык корыту нәтижесінде түзіліп қан мен лимфа жүйесі арқылы ағзаларға жеткізіп 
отырады. Тағамды корыту және қоректік заттектерді сіңіру процестері жүретін ағзалар 
жиынтығын -асқорыту жүйесі деп атайды. Асқорыту жүйесі ағзаларының функциясы:
1) Тағамды механикалық, химиялық өңдеу;
2) Қоректік заттарды сіңіру;
3) Қорғау яғни асқорыту жолында қанға сіңген улы бөгде заттектерді залалсыздандыру;
4) Толық қорытылмаған және сіңірілмеген қалдықтарды сыртқа шығару. Ас қорыту 
мүшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу яғни экскреция қызметін де атқарады. 
Зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығарады. 
5) Зат алмасудың барлық түрлеріне қатысу ;
6) Гомеостаздық функция организмнің ішкі орта тепе-теңдігін реттеу;
7) Эндокриндік функция эндокриндік клеткалар - гастрин , серотонин , гистамин 
биологиялық белсенді заттектер өндіру;
Қорыта айтқанда, асқорыту жүйесі systema digestorium дегеніміз – тағамды механикалық 
және химиялық жолмен өңдейтін , және тағам құрамындағы коректік заттектерді қан мен 
лимфаның микроциркуляциялык арнасы арқылы сіңіріп , нәжіс түзетін және оны сыртқы 
ортаға шығаратын ағзалар кешені. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас 
қорыту бездерінен тұрады. Эндодермиялық алғашқы ішек үш бөлімге бөлінеді: 1) 
алдыңғы одан ауыз қуысының артқы бөлігі дамиды, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі 
ішектің бастапқы бөлігі оған бауыр мен ұйқы безі түтіктері; 2) жіңішке ішектер он екі елі 
ішек, аш ішек, мықын ішек және 3) тоқ ішек және оның бөлімдері, тік ішекті құрайды. 
Тиісінше, асқазан-ішек жолдарының жеке бөлімдерінің әр түрлі қызметтері, алғашқы 
ішектің 3 қабығы - шырышты, бұлшықет және дәнекер тіндері ас қорыту түтігінің әр түрлі 
бөліктерінде әртүрлі құрылымдарға ие болады. 
Асқорыту жүйесінің бірінші бөлімі ол ауыз саңылауы rima oris кейін ауыз қуысы cavum 
oris. Ауыз қуысынан кейін аран қылтасы isthmus faucium кетеді, содан кейін жұтқыншақ 
pharynx, өңеш esophagus, асқазан ventriculus, жіңішке ішек (intestinum tenue, тоқ ішек 


intestinum crissum, артқы өтіспен anus аяқталады. Ас қорыту жүйесіне қосымша сілекей 
бездері, бауыр hepar , ұйқыбез pancreas жатады.
Асқорытудың алдыңғы бөліміне ауыз сол ауыздың бөлімдері жатқаннан кейін негізгі 
қызметтері тағамды механикалық өңдеп, сөздің анық шығуына, артикуляциясына 
қатысады. Сөйлеу мен шайнау аппарттарының қызметтік бірлігін атқарады. Содан кейін 
тамақ жұтқыншақ арқылы өнешке түсіп, одан кейін асқазанға келеді. Асқазанға өңеш 
арқылы келген тамақ одан әрі асқазан сөлінің құрамындағы ферменттер,белоктар, 
көмірсулар, майлар арқылы араластырылып, тамақ бот-қасына айналады.Содан кейін бұл 
әрі қарай жіңішке ішекке -12 елі, аш, мықын ішекке, одан әрі асқорыту жүйесінің соңғы 
бөлігі тоқ ішекке түседі. Тоқ ішекте асқорыту процесі аяқталып, нәжіске айналдырып, тік 
ішек арқылы сыртқа шығарылады. 
Сонымен қатар ас қорыту жүйелеріне біз сілекей, бауыр, ұйқы бездерін жатқызамыз. 
Олардың да атқаратын қызметі зор.
Ауыз куысының сілекей бездері, glandulae salivariae majores, ауыз куысынан тыс 
орналаскан үш жұп: шыкшыт, тіласты, төменгі жақсүйек асты бездерден тұрады. Олардың 
негізгі қызметтері сілекей бөлу, сілекей безінің сөлі ауыз қуысына түскен бірге азықты 
дымқылдатады. 
Бауырдың негізігі қызметінің брі барьерлік яғни тосқауыл функциясымен сипатталады
Бауырға қанмен жеткізілетін ақуыз алмасуының улы өнімдері осы бауырда 
бейтараптандырылады. бауыр метаболизмнің барлық түрлеріне қатысады атап айтқанда, 
ішектің шырышты қабығымен жұтылған көмірсулар бауырдағы гликогенге айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет