2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Табан бұлшықеттерінің ортаңғы тобы



Pdf көрінісі
бет90/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

3. Табан бұлшықеттерінің ортаңғы тобы


Бақайлардың қысқа бүккіші m. flexor digitorum brevis өкше сүйегінің бұдырынан tuber 
calcanei және табан апоневрозынан aponeurosis plantaris басталып, ІІ - V бақайлардың 
ортаңғы бунақтарының негізіне барып бекиді. Қызметі II - V бақайлардың проксималді 
және ортаңғы бунақтары бүгу.
Табанның шаршы бұлшыкеті m. quadratus plantae өкше сүйегінен calcaneus басталып, 
башпайларды бүккіш ұзын бұлшықеттің сіңіршесіне flexor digitorum longus барып бекиді. 
Қызметі бақайларды бүгу. 
Құрттәрізді бұлшықеттер mm. lumbricales жіңішкелеу келіп, башпайларды бүккіш ұзын 
бұлшықет сіңірінің аралығында орналасқан төрт бұлшықеттен тұрады. Үстіңгі беті 
башпайларды бүккіш қысқа бұлшықеттермен беттессе , төменгі беті табанның сүйек 
аралық бұлшықеті мен беттесіп орналасқан . Бұл бұлшықеттер башпайларды бүккіш ұзын 
бұлшықет сіңірінен m.flexor digitorum longus басталып, ІІ - V бақайлардың проксималді 
бунақтарының табандық бетімен ортаңғы және дисталді бунақтарының сырткы бетіне 
барып бекиді. Қызметі II - V бақайлардың проксималді бунақтарын бүгеді, ал ортаңғы 
және дисталді бунақтарын жазады.
Сүйекаралық бұлшықеттер mm. interossei өз кезегінде екі топ бұлшықеттерге бөлінеді: үш 
табандық сүйекаралық бұлшықет m. interossei plantares және төрт сыртқы сүйекаралық 
бұлшықеттер m. interossei dorsales. 
Табандық сүйекаралық бұлшықет m. interossei plantares III – V табан сүйектерінің 
медиальды беттерінен басталып , ІІІ - V бақайлардың проксималді бунактарының негізіне 
барып бекиді. Қызметі ІІІ- V бақайларды ІІ - ге әкеліп, осы бақайлардың проксималды 
бунақтарын бүгу. Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер mm. interossei dorsales екі көршілес 
табан сүйектерінің бір - біріне қараған беттеріне басталып, бірінші сүйекаралық бұлшықет 
екінші бақайдың медиалды бетіне, ал қалған үшеуі ІІ - ІV бақайлардың латералды 
беттеріне бекиді. Қызметі III және IV бақайларды екіншіден әкетіп, бақайлардың 
проксималді бунақтарын бүгу, ортаңғы және дисталді бунақтарын жазу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет